masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Түркістан футбол федерациясы жылды қорытындылады

19 ноября, 2022
in Спорт
0
Түркістан футбол федерациясы жылды қорытындылады
0
SHARES
1
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының футбол федерациясында жылды қорытындылау жиыны өтті. Басқосуға футбол федерациясының өкілдері және өңіріміздегі футбол командаларының басшылары мен бапкерлері қатысып, бірқатар мәселелерді талқылады. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов биылғы маусымда премьер-лига ойындарына тұңғыш рет қатысып, орнын сақтап қалған «Мақтаарал» футбол клубының ұжымын құттықтап, алдағы маусымға сәттілік тіледі. Сондай-ақ сөз барысында Қазақстан футбол федерациясының регламентіне сәйкес «Мақтаарал» командасының жылдық бюджеті 1 млрд. 200 миллион теңгеге өсетінін айтып өтті.

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев маусым барысында командалардың көрсеткен нәтижелерін айтып, өз пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, биыл премьер лигада ойнаған «Тұран» командасының бірінші лигаға түсуіне байланысты келер маусымда үш бірдей команданың бірінші лигада ойнауы облыс спортының бюджетіне ауыр соғуы мүмкін.

Осыдан кейін Түркістан облысының футбол федерациясының президенті Хаким Көшқалиев сөз алып, чемпионат кезінде өңір басшыларын командаларды барынша қолдауға шақырды. Федерация басшысы өз сөзінде чемпионат кезінде кеткен қателіктерді де тілге тиек етті. Соның бірі «Томирис-Тұран» әйелдер командасының бапкерлік ұжымына қатаң шара қолдану керек екенін айта кетті. Олар төрт сары қағазы бар ойыншыны алаңға шығарып, өз ұпайларынан айырылған. Осылайша, турнир кестесінде үшінші орын алып, чемпиондар лигасынан құр қалды.

Түркістан облысында бүгінгі таңда футболдан ел чемпионатында премьер лигада «Тұран» және «Мақтаарал» командалары өңір намысын қорғап жатса, бірінші лигада «Қыран», «Яссы» командалары өнер көрсетті. Сонымен қатар екінші лигада «Тұран жастар», «Жас Қыран», «Арыс» және «Мақтаарал жастары» бар. Ал әйелдер арасында «Томирис-Тұран» командасы бақ сынады.

Келелі отырыс соңында «Мақтаарал» футбол клубының директоры Серікбай Өтегенов пен бірқатар футбол мамандары арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістанда индустриалды аймақтар саны артады

Next Post

«Сарыағаш» медресе-колледжінде дін саласындағы мәселелер талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде