masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Туризм

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты салынады

26 октября, 2022
in Туризм
0
Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты салынады
0
SHARES
0
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сәулетшілер қатысып, 17 жоба ұсынылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жобалармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті.

– Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуы тиіс. «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты атына сай болып, құрылыс саласының соңғы технологиялары қолданылған жөн. Оған уақыт та, мүмкіндік те бар, – деген Дархан Сатыбалды жобаларды жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған байқаудың екінші кезеңіне іріктеуден өткен үздік жобалар жіберілетін болды.

2021 жылы, 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өткен болатын. Саммитте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салуды тапсырды. Осыған орай Түркістан облысының әкімдігі осы ашық байқауды ұйымдастырып отыр. Байқауға қатысушыларға Түркістанның тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа нысанның тұжырымдамасын әзірлеу талабы қойылған. Түркі әлемінің орталығы ғимараты түркі тілдес елдердің бірлігі мен ынтымағын білдіретін рухани орталыққа айналуы тиіс.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы басталды

Next Post

«Жасыл челлендж» іс-шарасы Түркістанда жалғасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде