masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

100 мыңнан астам жас мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына тартылады

14 октября, 2022
in Қоғам
0
100 мыңнан астам жас мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына тартылады
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жастарды жұмыспен қамту мәселесін көтерді. Сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

Министрдің айтуынша, Әлеуметтік кодексте жастарды жұмыспен қамту мемлекет, жұмыс беруші, яғни жұмыспен қамтылатын азаматтың жауапкершілігі қағидатымен жүргізу қарастырылмақ.

«2000 жылдан кейін туған жастар бүгінде еңбек жасына жетіп жатыр. Сондықтан жалпы жұмыс күшінің 56%-ы 1987 жылдан кейін туған жастар болса, 2030 жылға қарай жалпы жұмыс күшінің дені осы жастардың есебінен болады. Әлеуметтік кодексте біріншіден жастарды жұмысқа тарту бойынша шаралар қарастырылған. Мысалы, жыл сайын 100 мыңнан астам жастар мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына тарту. Сондай-ақ, кәсіпкерлікке ынтасы бар жастарға 2,5%-дық жеңілдетілген қайтарылатын несие беру», — деді Т. Дүйсенова.

Министр бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі, бірақ кәсіпкерлікке ынтасы бар жастарға берілетін гранттар одан әрі жалғасып отырғанын айтып өтті.

– Бұл ретте, оларға берілетін қаржының сомасы биыл 1,2 млн-нан асты. 2023-2025 жж. арналған бюджетте осы мәселелер бойынша 300 млрд теңге жуық қаражат көзделген. Құжат Мәжілісте қаралып жатқан бюджет жобасының аясында қаралады, — деді Т. Дүйсенова.

Министр баспасөз брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Еске сала кетсек, 12-13 қазан күндері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы мобильді тобы Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара, Келес, Созақ аудандарында және Кентау қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Т. Дүйсенова Президент жолдауын іске асыру жөнінде қаладағы өндіріс орнында кездесу өткізді

Next Post

Отбасының цифрлық картасының тиімділігі талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде