masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістандағы игі істер

12 ноября, 2022
in Денсаулық
0
Түркістандағы игі істер
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы әкі­мі­нің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен өткен облыстық қоғамдық денсаулық сақтау бас­қар­масының кеңейтілген алқа отырысында өңірдегі осы­нау салада жеткен жетіс­тіктер сөз болды. Бұл ту­ра­лы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақ­тау басқармасының бас­шы­сы Марат Пашимов өз баяндамасында айтып өтті.

Кеңейтілген алқа отыры­сында одан бөлек, Түркістан об­лысының санитариялық эпи­демиологиялық бақылау де­партаментінің, ҚР ДСМ Ме­ди­ци­налық және фармацевтика­лық бақылау комитетінің Түр­кістан облысы бойынша депар­таменті қызметтерінің атқарған жұмыстары да тыңдалды. Жи­налыста халықтың денсаулығын нығайту, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтау сала­сындағы мемлекеттік бағ­дар­ламалар индикаторларының орындалу барысы, инфекциялық аурулардың алдын алу, өлім-жітімді азайту мәселелері қа­ралды. Ауылдық жерлерде және шалғай елді мекендерде тұратын халыққа консультациялық-диаг­ностикалық қызметтер көр­сету үшін барлық қажетті құрал-жаб­дықтармен жабдықталған 13 жыл­жымалы медициналық ке­шен арқылы дәрігерлік көмек көрсетілуде.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдедегі ҚР Үкі­меттің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жо­басы әзір­леніп бекітілді. Ұлттық жобаға сәйкес, Түркістан облысы бо­йын­ша ауылдық денсаулық сақ­тау саласын жаңғыртуға 49 нысан салу ұсынылып, қолдау тапты. Одан бөлек, 2023 жылға жос­парланған 4 аудандық ауруха­наны (Сайрам, Ордабасы, Са­рыағаш, Жетісай) қайта көпбе­йінді ауданаралық аурухана етіп қайта құру үшін денсаулық сақ­тау желісіне өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондай-ақ Сарыағаш ау­данында ІІІ деңгейлі бо­сан­дыру қызметін ұйымдастыру мақ­сатында 240 төсек-орынға ар­налған перинаталдық орталық үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр.

Алқа отырысы соңында об­лыс әкімінің орынбасары Ар­ман Сабитов басқарманың қызметіне оң баға беріп, ден­саулық сақтау бағытындағы жұ­мыстарды одан әрі күшейтуді тапсырды.

Previous Post

Түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көлік берілді

Next Post

Түркістанда әр демалыс күндері ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрменкесі өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде