2022 жылдың 26 қазан күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен «Педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдаудың халықаралық қоры» қоғамдық қоры арасында Меморандумға қол қойылды. Меморандумға университет ректоры, м.ғ.д., профессор Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы және «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдау қоры» ҚҚ президенті Жуликенов Арман Ибрагимұлы және Қоғамдық қордың вице-президенті т.ғ.д., профессор Такишева Гүлбану Ақылбекқызы қатысты.
2017 ж оқу жылынан бастап «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдау қоры» Ақтөбе қаласы бойынша педагогикалық білім беру жүйесінің барлық деңгейінде ғылымды дамытуды қолдау мақсатында үздіксіз жұмыс жасап келеді. Қоғамдық қордың негізгі мақсаты: жетім және аз қамтылған студенттерге, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету; дарынды балаларды қамту оларды жан-жақты қолдау, ұлттық мәдениеттің, өнердің, ғылым мен білімнің дамуына жәрдемдесу, адамгершілік, этикалық принциптер мен мәдени құндылықтарды насихаттау.
Қоғамдық қор өзінің жұмыс жоспарына сәйкес халықаралық және республикалық деңгейде оқушылар, мектеп жасына дейінгі балалар, студенттер, мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында көптеген ашық және қашықтықтан байқаулар өткізді. Сонымен қатар, қоғамдық қордың жоспары бойынша балалар үйінің тәрбиеленушілері іс-шараларға тегін қатысады. Барлық конференциялардың қорытындысы бойынша қоғамдық қордан ақшалай сертификаттар берілді.
Халықтар достығы университеті мен «Педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдаудың халықаралық қоры» қоғамдық қоры арасындағы Меморандум аясында білім беру саласындағы жұмысты ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі; университет сонымен қатар меморандум аясында іс-шараларды ұйымдастыру үшін үй-жайларды да беруге ниетті; білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық жобаларды, іс-шараларды жоспарлы ұйымдастыру және жүзеге асыру; студенттер мен оқытушыларға ғылыми кеңестер ұйымдастыру.
«Педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдаудың халықаралық қоры» қоғамдық қоры ғылыми-әдістемелік семинарлар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыруда тәжірибе алмасуға бірлесе жұмыс жасауға дайын. Сондай-ақ, қоғамдық қор ғылыми дәрежесі бар оқытушыларға арналған республикалық, халықаралық жинақтар мен журналдар шығаруға, жоғары оқу орындарына түрлі іс-шаралар өткізуге қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеикізді.
Біздің университетіміз жыл сайын студенттерге әлеуметтік қолдау көрсететін көпсалалы университет болып табылады. Атап айтқанда, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, тұл жетім, жартылай жетімдерге, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсеткен дарындыларға және материалдық ынталандыруға бағытталған ректордың гранттары мен оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған. «Алтын белгі» иегерлері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, халықаралық, республикалық ғылыми олимпиадалардың жеңімпаздары болған студенттергеде барлық жағынан жеңілдіктер қарастырылған.
Университет басшылығы қиын өмірлік жағдайға тап болған жастарға жеңілдіктер, шәкіртақылар мен гранттар береді, осы мақсаттарға 22 жыл ішінде 230 миллион теңгеден астам материалдық көмек бөлінді. Университет Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйіне көптен бері қамқорлық жасап келеді. Қала басшылығы меценаттың құрметіне мұражай ашты. Осыған байланысты 5 миллион теңгеден астам демеушілік көмек бөлінді. Аталған балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан бірнеше жетім балалар біздің оқу ордамызла білім алуда.
Университет құрылтайшылары оларды жылына екі рет маусымдық киіммен, күнделікті ыстық тамақпен, сыйлықтармен т.б. көптеген көмектер көрсетеді. Жоғарыда аталған келіссөзден үлкен үміт артатындығымды жеткізгім келеді. Оқу ордамызбен жасалған келісім шарт негізінде алдағы уақытта көптеген жұмыстар жүргіземіз деген ойдамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!