masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Көмір бағасының қолжетімділігі қадағалауда

2 ноября, 2022
in Қоғам
0
Түркістан: Көмір бағасының қолжетімділігі қадағалауда
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Р.Сариева айтты.
– Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жылу беру маусымы 15 қазаннан басталып 1 қарашаға дейін кезең-кезеңімен берілді. Яғни, өңірдегі 626 көпқабатты тұрғын үй және 2561 бюджеттік мекеме мен әлеуметтік нысан орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілді. Өңірімізде жылу беру жоспарға сай іске асуда. Түркістанда Жаңа қала шағынауданында орналасқан жаңадан құрылысы жүргізілген 10 көпқабатты тұрғын үйдің жылумен қамтитын қазандығы 27 қазаннан бастап газға қосылды. Қазіргі кезде осы үйлердегі үйішілік жылу құбырларында дайындық жұмыстары жүруде. Ал 15 қарашаға дейін жалпы инфрақұрылыммен (электр қуаты, ауыз су, жылу, көше жарықтандыру) қамтамасыз ету жоспарлануда, — деді Роза Олжабайқызы.
Спикердің сөзінше, Кентау қаласындағы жаңадан салынған 10 тұрғын үйге жеке автономды жылыту қарастырылған. Қазіргі кезде кала әкімдігі мердігер мекеме «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ мамандарымен бірлесіп, ішкі газ құбырларының сығымдау жұмыстарын жүргізуде. Осы жылдың 2 қарашасынан бастап жылу беру жоспарлануда.
Сонымен қатар, өңірде жалпы көмір отынының қажеттілігі 907,6 мың тонна болса, тасымалданғаны 535 мың тоннаны құраған. Оның ішінде, коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі — 249,2 мың тонна. Тасымалданғаны — 173,1 мың тонна. Сондай-ақ, тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елдімекендерде 1 тонна Шұбаркөл көмірінің бағасы 14 600-18 500 теңге аралығында.
Айта кетейік, аудан, қала әкімдіктері көмірдің қолжетімділігі мен баға белгілеуін үнемі қадағалап отырады. Жылу беру маусымы облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Previous Post

Түркістан: Теміржолшылар кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдады

Next Post

Түркістан: «Айбынды жастар – жаңа қазақстанның тірегі» акциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде