Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен апталық жиында қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Е.Мырзабеков 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту негізінде Ұлттық жобасы аясында 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
Ұлттық жоба аясында жыл басынан 4036 жұмыссыз азаматты жұмыспен қамту белсенді шараларына тарту жоспарланған. Жоспарға сәйкес 5034 адам жұмысқа тартылған.
Мемлекеттік грантқа –173 адамға жоспар бекітіліп, сәуір,тамыз,қыркүйек және қазан айларында комиссия отырысы өткізіліп нақты 182 адам қаржыландырылды.
«Бастау-бизнес» -кәсіпкерлік негізінде 186 адам оқыту жоспарланған болса, Еңбек.кз платформасы арқылы 126 адам оқытылды.
Тұрақты жұмыс орындарына- жоспар бойынша 2300 адам жұмыспен қамту бекітілген, нақты 1912 адам орналастырылған.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – жоспар 170 адам болса, жұмыс беруші 18 жеке кәсіпкерлерге 215 жұмыссыз азаматтар жолданған.
Жастар практикасы- бойынша 250 адам жолдау жоспарланған болса, нақты 320 жұмыссыз жастар 12 ай мерзімге жіберілген.
Қоғамдық жұмыс орындары – жоспар 750 адам, нақты 1193 жұмыссыз азаматтар жолданды.
«Күміс жас» жобасы бойынша 30 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, бүгінгі таңда 3 жұмыс беруші кәсіпорынға 8 жұмыссыз азаматтар жолданған.
Ұрпақтар келісім шарты- жобасы бойынша 2 адамды жұмысқа жолдау жоспарланған, бүгінгі таңға 2 жас жолданды.
Қысқа мерзімді және жұмыс орындарында оқыту – жоспар 43 адам болса, 40 адам жолданған.
Сонымен қатар, бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 414 еңбекке жарамды мүгедектігі бар азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Кентау қаласы бойынша «Өңірлік карта» аясында 10 жоба енгізіліп, 127 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жоспарға сәйкес 10 жоба іске қосылып, нақты 128 жұмыс орны ашылды. Бүгінгі таңда ашылған жұмыс орындарына 118 жұмыссыз азаматтар жіберілген.
2022 жылы жыл басынан бері 1587 отбасы атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген. Оның ішінде шартсыз түрі 370 отбасы, шартты түрде 1217 отбасыға тағайындалған.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі