masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Сарыағаш тұрғыны жалған сауда жасап банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген

Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

31 октября, 2022
in Қылмыс
0
Сарыағаш тұрғыны жалған сауда жасап банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген жігіт қамауға алынды.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне банктердің бірінен қатынас хат келіп түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз біреу банк қосымшасы арқылы 2021 жылы жалған тауар сату және сатып алумен айналысып, банкке 12,5 млн теңге шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Банкке ірі көлемде шығын келтірген күдіктіні ұстап, қылмысты ашу мақсатында сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден арнайы топ құрылды. Олар тиісті іздестіру шараларын жүргізіп, куәгерлерден жауап алды. Жан-жақты атқарылған жұмыс нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жас жігіт полицияға жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті кәсіпкер ретінде тіркеліп, банк қосымшасы арқылы өзі сатушы, өзі сатып алушы болып, бірнеше рет сату-сатып алу операцияларын жасаған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Previous Post

Түркістанда мәдениет саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтар марапатталды

Next Post

Дәрігерлер Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын қолдайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде