masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

31 октября, 2022
in Cаясат
0
Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Ермек Кенжеханұлы тағайындалды.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аппараттық кеңесте жаңа орынбасарын таныстырды. Ермек Кенжеханұлы бұл қызметте Ұлан Тәжібаевтың орнына келді, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.
Кенжеханұлы Ермек 1988 жылы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне енген.
Ұлыбританияның Рединг университетін, Кореяның Аджу университетін тәмамдаған. Мамандықтары – ауыл шаруашылығы саласындағы экономика, инвестицияларды басқару, іскерлікті басқару.
Еңбек жолын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып бастаған. Әр түрлі жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық жобалар және қаржылық құралдар департаментінің инвестиция басқармасының басшысы болды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын, Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі болды.
2021 жылдан бері Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Түркістанда 2 мыңнан астам адам жүгіруден марафонға қатысты

Next Post

Түркістанда мәдениет саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтар марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде