masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Дархан Сатыбалды әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады

29 октября, 2022
in Қоғам
0
Дархан Сатыбалды әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Баршаңызды «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
Әлеуметтік салада қызмет көрсету –халықтың әл-әуқатын көтеру, жұмыспен қамту арқылы табысын молайту және мүгедектігі бар адамдарға жәрдем беру.
Жалпы, Түркістан облысында әлеуметтік қорғау саласында еңбек жасайтын 3 мыңға жуық қызметкер облыс халқының үштен бір бөлігіне (730 мың адам, (36%)) әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуде. Әлеуметтік қолдауларды көрсетуде биылдың өзінде 54,3 млрд.тг қаржы бөлінді. Оның ішінде «Еңбек» бағытын жүзеге асыруға 22,8 млрд.теңге қаралып, 86 686 адам жұмыспен қамтылды, 3 мыңға жуық азамат қайтарымсыз грант алып өз кәсібін ашты. Мүгедектігі бар азаматтардың 76 пайызы техникалық оңалту құралдары ұсынылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызға дейін, кедейлік деңгейі 2 есеге төмендеді.
Келесі жылы да халықтың табысын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылатынын айтып өтті. Бұл ретте, жалақы алатын 800 мың адамды тікелей қамтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның болашағы – жастарды қолдау мақсатында жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5%-дан жеңілдетілген шағын несие берілетіні көзделді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімінің мемлекеттік жәрдемақы төлеу мерзімі бір жарым жылға дейін ұлғайтылатын болады.
2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына аударылады.
Құрметті әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері!
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі. Осындай жауапты міндетті лайықты атқара білген жанкешті еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіре отырып, Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен тағыда шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және игі жақсылықтар мен мол қуаныш тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Возможно, это изображение 1 человек и стоит
Previous Post

Қазақстан құрамасы — «Turan Barysy» Азия кубогының жеңімпазы

Next Post

Мемлекеттік қызметкер 2 жасар баланың өмірін ажалдан құтқарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде