masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мырзакенттің орталық саябағының құрылысы басталады

20 октября, 2022
in Қоғам
0
Мырзакенттің орталық саябағының құрылысы басталады
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде орталық саябақтың құрылысы басталады. Жақында ғана мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, құрылыстың бас мердігері анықталды.
Аудан әкімі Бақыт Асанов мердігер компанияның өкілдерімен арнайы кездесіп, құрылысы басталғалы тұрған орталық саябақтың жобасын талқылады. Сондай-ақ нысанның ішін аралап, жобаны сәтті орындап, жұмысты өз мерзімінде сапалы аяқтау керектігін тапсырды.
Орталық саябақтың сметалық құны — 633 миллион теңгені, конкурстық құны — 596 миллион теңгені құрайды. Мердігер компания «ГрадСтройСервис» ЖШС-і құрылыс нысанын 2023 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Жалпы құрылыстың тапсырыс берушісі — ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі. Ал жобалаушы мекеме — «Сантех-Строй Проект» ЖШС болса, техникалық қадағалаушы мекеме — «Нұр&М Құрылыс» ЖШС.
Айта кетейік, аудан орталығы статусын алғалы 4 жыл ішінде Мырзакент кенті көркейе түсті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Түркістан облысында ауыл тұрғындары бір үйдің 9 адамын өрттен құтқарды

Next Post

Сауранда шығарылған жиһаз Қырғыз Республикасына жіберіліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде