masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home жастар

Шөкеевке даяшы болған шымкенттік Еуропада жоғалып кетті

27 жастағы Қанатбек Өтебек шетелге шілдеде кеткен

8 октября, 2022
in жастар
0
Шөкеевке даяшы болған шымкенттік Еуропада жоғалып кетті
0
SHARES
46
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстандық Қанатбек Өтебек Еуропада хабар-ошарсыз кетті. Шымкенттік шілдеде шетелге турист ретінде барып, такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Шетелде жүру уақыты аяқталардан 3-4 күн бұрын хабарсыз кеткен.

«Соңғы рет Қанатбекті Чехиядағы блогердің әлеуметтік желідегі парақшасынан көрдік. Кейін хабарласа алмай қалдық. Құлдыққа түсіп кетті ме, өліп қалды ма деген қорқынышпен жүрдік. Бірге жүрген блогерге хабарласуға тырыстық. Алайда ешқандай жауап келмеді. Жақында ғана әзербайжан әйел хабарласты. Ол әйелмен аудармашы арқылы сөйлестік. Айтуынша, Қанатбек әзербайжан азаматпен бірге түрмеде отыр», — дейді Қанатбек Өтебектің әпкесі Роза Өтебек.

Туыстарының айтуынша, Қанатбек Венгрияға Чехиядан жолаушылар тасымалдаған кезде ұсталған. Бастапқыда депортация жасайды деген, кейіннен сотқа тартылғанын естіген.

Туыстары 27 жастағы Қанатбек Өтебектің шетелге жалғыз кеткенін, бір де бір танысының жоқ екенін айтады. Өздері іздеп баруға қаржылық жағдайы мүмкіндік бермейді.

«Сыртқы істер министрлігіне хабарластық, олар заңгер жалдап, мәселені өздерің шешіңдер деп жауап берді. Мемлекеттен көмек күткен едік, енді не істерімізді білмей отырмыз. Ол жақтың заңын да білмейміз. 10 жылға сотталып кетсе қайтеміз? Осы жағдайдан кейін анамның жүрегі ауырып жатыр. Бізге мемлекет көмегі керек», — дейді Қанатбек Өтебектің әпкесі.

Роза Өтебектің айтуынша, Қанатбек Чехияға кетпей тұрып Түркістан облысында облыстың бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеевке даяшы болып жұмыс істеген.

Ер адамды Шымкентте ата-анасы мен әйелі, екі баласы күтіп отыр.

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от HALYQ UNI ақпараттық порталы (@halyquni.media)

 

Previous Post

Үш баланың анасы тігін мәшинесімен табыс тауып отыр

Next Post

6,5 млн баланың шотына ұлттық қордан қаражат аударыла бастайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде