masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home жастар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді

4 октября, 2022
in жастар
0
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркияда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан спортшылары топ жарды. Халықаралық спорт бәсекесінен олжалы оралды. 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді деп хабарлады. 

Ұлттық спорт қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов ақжолтай хабар айтып, сүйінші сұрады.

«Сіздерге Түркиядан сүйінші хабар жеткізгім келеді. Кеше ғана Түркияның спорт министрі Мехмет Касапоглу Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевқа келесі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу эстафетасын тапсырды. Яғни келесі ойындар 2024 жылы Қазақстанда өтеді!

Ал Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті. Әлемдік додада біздің спортшыларымыз ұлттық спорттың туын жықпай, айтулы нәтижелерге қол жеткізді.

Мәселен, көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш енген көкпарда Қазақстан алтын жүлделерді еншіледі. Жарыс барысында біздің құрама Өзбекстан мен Моңғолия құрамаларынан өтіп, ақтық ойында Қырғызстан құрамасын 4:3 есебімен жеңді.

Сондай-ақ батырымыз Марат Нығматуллаев 60 келі салмақта қазақ күресінен алтын жүлдені иеленсе, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтынды Зарина Сарипова жеңіп алды.

Бұған дейін Қазақстан дәстүрлі садақ ату мен жамбы атудан күміс жүлделерді еншілеген.

Көшпенділер ойындарының нәтижелері бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдесі бар. Бұл тамаша нәтижені келесі көшпенділер ойындарында еселеу – Ұлттық спорт қауымдастығының келесі 2 жылдағы мақсаты деп білемін.

Ел намысын ақтаған барлық спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймын!» – деді Исламбек Салжанов.

Previous Post

Баспана алу үшін ажырасатындар көбейген

Next Post

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАН ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде