masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы талқыланды

4 октября, 2022
in Қоғам
0
Түркістан: көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы талқыланды
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістан облысында 41 су қойма, 12 су торабы және 120 (5 ірі) өзен бар. Олар көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын ба? Осы мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында кеңінен тарқатылды. Су қоймалардың көпшілігі жөндеуден өтпегендіктен тозығы жеткен.
Жалпы 41 су қойманың ішінде 21 қойма жөндеуден өткен болса, 4 жаңа қойма бар. Қалған 16 су қойма жөндеуді талап етеді. Облыс әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс екенін жеткізді.
– Су тасқыны мен селдің алдын алу – маңызды мәселе. Бұл түйткіл бақылауда болуы тиіс. Төтенше жағдай департаменті бірнеше басқармамен бірлесіп, «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені» Жол картасын тағы да жүйелеуі керек. Қанша қаржы керек, қай аумақтардағы су нысандары бірінші жөнделу қажет екенін саралап, бұл мәселені жүйелі түрде шешейік, – деді Д.Сатыбалды.
Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, 7 су қойманы шұғыл түрде көп факторлы зерттеуден өткізіп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сырғыма және сел қауіпті аймақтарға 593 зерттеу жүргізілген.
Өңір басшысы су тасқынына қарсы қауіпсіздік шараларын тұрақты қадағалауда ұстауды тапсырды.
Аппарат отырысында Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаевтің баяндамасы тыңдалды. Ол облыстағы аудан, қалалардағы инженерлік желілер жөніндегі деректерді цифрландыру және түгендеу жұмыстары туралы баяндады. «Цифрландыру, ғылым мен инновация есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру көрсеткіштерінің бірі – елді мекендердің инженерлік желілерін цифрландыру. Облыста жалпы 12 аудан орталықтары бойынша жұмыстар басталып, 1 ауданда жұмыс толық аяқталған. Өңір басшысы осы бағыттағы жұмысты күшейтуді айтып, жауапты басшыларға тапсырмалар берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Түркістан: тазалықты қамтамасыз ете алмаған әкімдер ескерту алды

Next Post

Түркістанда ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде