masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сарыағашта 400 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын автобөлшек сауда орталығы ашылды

2 октября, 2022
in Қоғам
0
Сарыағашта 400 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын автобөлшек сауда орталығы ашылды
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Бүгін Сарыағаш қаласында заманауи үлгідегі автокөлік бөлшектерін саудалауға арналған «TOLEGEN ATA» автомаркеті ашылды. Сауда орталығының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.
— Бүгін ауданымызда заманауи үлгідегі автокөлік бөлшектерін саудалауға арналған сауда орталығы ашылып отыр. Жыл сайын аудан кәсіпкерлері өз кәсібін ашып, көп жұмыс атқаруда. Сондықтан біз осындай азаматтарды қолдауымыз керек. Алдағы уақытта аталған нысан 400-ге жуық тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып, жұмыссыздық мәселесін шешуге өз септігін тигізері сөзсіз. Аудан кәсіпкерінің бастаған кәсібі дамып, жаңа орталық халық игілігіне қызмет етеді деп сенеміз. Барлығыңызды жаңа нысанның ашылуымен құттықтаймын! – деді әкім.
Сауда орталығы ғимаратының жалпы алаңы 5200 шаршы метрді құрайды. Мұнда 156 сауда дүңгіршегі орналасқан, тұрғындарға ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында жеделсаты (лифт) және эскалатормен қамтамасыз етілген.
Айта кетсек, аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалуда. Бүгінгі таңда аудан бойынша 17410 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Осы субъектілерде жұмыс істейтін адамдар саны 38500-ге жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,5 %-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі және көрсетілген қызмет пен жұмыс көлемдері 75 млрд. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 3,6 %-ға артқан.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

«Amanat»: Интеллектуалды ойын тағдырын 1 ұпай шешті

Next Post

Шымкент қаласы жаңа саябақпен толығады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде