masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Америка сапары»: Мұхтар Әуезовтың жолжазбасынан үзінді

29 сентября, 2022
in Мәдениет
0
«Америка сапары»: Мұхтар Әуезовтың жолжазбасынан үзінді
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

17/ІІ. Түн.

Копенгагенде сағатты Америкаша қойдық. Москвадан 7 сағат кейін. Түн бойы ұшып таңертең сағат 7-де жетпекпіз. Кеште ас берді – ішкілігі бар, дәмі өзгеше. Кейін шамдар сөніп, ұйқыға кірістік. Ұйқы оңай емес. Әйткенмен аяқ астына үзеңгі берді, өте жайлы (шамасынша) жағдай жасады. Мен айналып кезек-кезек аунай түсіп жиыны 6 сағаттай ұйықтадым. Бұл жол үшін көп ұйқы – мәз ұйқы. Таңертең самолет әуесі (кондицированный) өте жайлы, таза қоңыр салқын. Үсте жұқа көрпе. Самолет астында көбінше су – көк теңіз. Аспан мен төмен екеуі де бірдей. Ояну сағат 4-ке тақау болды. Алғашқы таңғы кофе асын берді. Өзі бір көп дәмді жұқа нандар. Май, сыр, джем бар. Екі рет жуст қосқан. Бар астан бұрын жуст – аспен бірге және де қызметкер – түндегі бір қыз, бір жігіт. Бұлар еңбегі зор. Самолет бұл жолы толы емес, бос орындар көп. Біздің орын І класс, бөлімде 8-ақ орын, артта екі диван, қол, бет жуатын ыстық орамал, қаттаулы, сулы қағаз – бәрі бұл жәйдің бар күтімін «құданың» күтіміндей етеді.

Әлі ұшып келеміз. Сағат 5 1/2 таң білінбейді. Жол картасын әкеп беріп еді. Көбімізге сол әзіргі ермек. Копенгагеннен екі жол бар – біреуі көбінше құрғақты ала ұшады, 6300 ды асады. Екіншісі 6200-ден аз асады – бұл соңғы су үстін көбірек басып өтеді.

Сағат 7:15. Бір сағаттан бері Америка жағасындамыз. Ай жарық еді. Жер жақсы көрініп отырды. Самолет қанаты астында селдір-селдір топ-топ оттар – бәрінде аз да болса әр бояулы көрік, рең бар. Дәл қазір бір жағымыз су – асты бұлт, бірақ бұлт астынан ел-ел көрінеді. Таң сызып атып келіп қазір көк сәуле молайды. Бірақ шығыс ғалам қызық боп көп уақыт өз реңімен өзгеше боп тұрды. Дәл көк жиек қан-күрек – ұзын тура сызық… Содан үстіңгі қабат қоңыр қошқыл бұлт. Ал одан жоғары әппақ ақ таңдақ – кәдімгі таң… Ал ең асты, көк жиек орны қызыл күрең, қан күрең боп тұрып алды.

Мұхтар Әуезов, «Америка әсерлері» кітабынан

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

Next Post

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде