masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан – халқымыздың қаймағы бұзылмаған қасиетті мекені — Президент

27 сентября, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жақында Астанадан бастау алған «Ұлы дала жорығы» санаулы күннен соң Түркістанда өз мәресіне жетеді. Мұның зор символдық мәні бар. Бұл туралы Президент Түркістан жұртшылығымен кездесу барысында айтты. 

«Осы өңірде халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы барынша сақталған. Бір сөзбен айтқанда, Түркістан – халқымыздың қаймағы бұзылмаған қасиетті мекені. Қазақ «Қариясы бар елдің қазынасы бар» дейді. Түркістанда ұрпаққа жол көрсетіп, тағылымды тәрбие беретін данагөй ақсақалдарымыз аз емес», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол ақсақалдардың түрлі жағдай кезінде жұртты сабырға шақыратынын, жастарға басу айтып, кикілжіңге жол бермейтінін атап өтті. Осындай аузы дуалы ел ағаларына зор алғыс айтты.

«Менің қасиетті Түркістанға ықыласым ерекше екенін білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды дәл осы жерден бастаған едім. Содан бері мұнда көптеген оң өзгеріс болды.

Соңғы жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты. Қаланың инфрақұрылымы жаңғырып, жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Атап айтқанда, 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынды. Шаһар жасыл желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарды. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады», — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Түркістан – еліміздегі ең басты туристік орталықтың бірі. Осы аймаққа келіп жатқан көптеген меймандар – соның айқын көрінісі. 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келген.

Previous Post

Шымкентте қоқыс шығару бағасы қайта қаралады

Next Post

Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті ТҮРКІСТАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде