masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Шымкентте бұрынғы аудит мамандарына сот үкімі шықты

24 сентября, 2022
in Қылмыс
0
Шымкентте бұрынғы аудит мамандарына сот үкімі шықты
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

21 қыркүйекте Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық соты ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Е.З. Мараимовке, камералдық бақылау бөлімінің басшысы А.М.Ағабекке, Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Е.С.Турсунбековке және «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС құрылтайшысы К.К.Кожахметовке қатысты үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz.

Антикордың мәліметінше, жоғарыда аталған азаматтар «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз ретінде танылуына ықпал жасау үшін пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу деректері бойынша айыпталған.

«Сот үкімімен Е.З. Мараимовке қатысты 8 жыл мерзімге, А.Ағабекке қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге, К.Кожахметовке қатысты 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша Е.С. Турсунбековке қатысты 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»  деп жазды ведомство.

Сотталғандар мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Previous Post

Түркістанда 700 бала жатақханада төрт ауысыммен оқуға мәжбүр

Next Post

Шымкентте студенттің өліміне қатысты күдіктілер қамауға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде