masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Табиғаты әсем, тамағы дәмді: Қазақстанға Димаш Құдайбергеннің концертіне келген шетелдіктердің әсері

24 сентября, 2022
in Мәдениет
0
Табиғаты әсем, тамағы дәмді: Қазақстанға Димаш Құдайбергеннің концертіне келген шетелдіктердің әсері
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Димаш Құдайбергенің шетелдік тыңдармандары әншінің Алматыдағы концертіне арнайы ұшып келді. Олардың көпшілігі Қазақстан туралы әсерлері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Димаштың концертіне дүйсенбі күні Словакиядан арнайы ұшып келдік. Бұрын сәуір айында Прагада оның концертінде болғанбыз. Бізге оның өнері қатты ұнайды. Қазір біз 20 адамбыз және біз Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Алған әсеріміз керемет. Мұндағы табиғат өте әдемі, тамағы дәмді, оның үстіне біз жылқы етін жеп көрдік. Біз Алматыда Көк базар, Көктөбе мен Көлсайға бардық, енді Медеуге бармақшымыз», — деді Словакиядан келген қонақтар Ярослава мен Инна.

Франция мен АҚШ-тан келген қонақтар да Қазақстанның табиғатына тәнті болды. Олар да елімізге алғаш келген. Сүйікті әншілерінің жеке концертіне бірнеше күн бұрын ұшып келген.

Димаштың қазақстандық жанкүйерлері аз емес. Кейбіреулер онымен 10 жылдан астам уақыт таныс. Әншінің жанкүйерлері Сәуле, Шолпан және Гүлнардың көп адамның арасынан ерекше көзге түсті. Олар әншінің портреті бар бірдей футболкалармен жүрді және қолдарында шарф болды.

Қыздардың айтуынша, олар сүйікті әншілерінің концерттері қай жерде өтсе де, оларды жібермеуге тырысады.

«Біз бұл концерттің сүйікті қаламызда өтуін ұзақ күттік. Бізге Димаштың барлық әндері ұнайды», — деді олар.

Еске салайық, Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өтті. Бұл Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті өтті.

Сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Яғни, шоу кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2,5 мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды.

Previous Post

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Next Post

Түркістанда 700 бала жатақханада төрт ауысыммен оқуға мәжбүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде