masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: ҚХА жанындағы аналар кеңесі ақ орамалды дәріптеп жүр

21 сентября, 2022
in Қоғам
0
Түркістан: ҚХА жанындағы аналар кеңесі ақ орамалды дәріптеп жүр
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Халқымызда ақ орамалдың орны ерекше. Осы орайда, өңірде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім” мекемесінің қолдауымен және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің атсалысуымен «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылды.
Қазақ қоғамы үшін ақ жаулықты ананың рөлі қашанда жоғары. Айналаға аналық мейірім-шапағаттың нұрын сепкен, ұрпаққа тәлім мен тәрбие берген акцияның мәні де, маңызы да ерекше. ҚХА жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Төлебекқызы бастаған барша ақ жаулықты аналар Түркістан қаласының көпшілік орындарында әуелетіп ән салып, қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй шертті. Ардақты аналардың өнеріне жұртшылық тәнті болды.
Шара барысында болашақ ана болар бойжеткен қыздар өздерінің қос бұрымын өріп, ата-баба салтын көрсетіп, көпшілік ықыласына бөленді.
Игі шараны ұлт пен ұрпақ тәрбиесінің талбесігіне айналған Түркістан халқы жылы қабылдады. Аталған акцияға үлкен-кіші түгел қатысты. Ақ жаулықты әжелер «Ақ кимешекті кір шалмасын» деген ақ ниетпен кимешек киіп, әдемі кештің әрін келтірді.
Акция шеңберінде аналар қауымы көшедегі жүздескен аналарға ақ орамал сыйлап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Бұл бағыттағы Аналар кеңесінің игі шарасы алдағы уақытта да жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Previous Post

Түркістан: Шардарада батагөй қариялар сайысты

Next Post

Түркістан облысы сарбаздар санынан алдыңғы сапта

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде