masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

АРЫСЫМА-66 ЖЫЛ!

16 августа, 2022
in MASA24.KZ
0
АРЫСЫМА-66 ЖЫЛ!
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Құрметті АРЫСТЫҚТАР!
Қымбатты жерлестер!

⚜️ Баршамыз үшін аса қуанышты сәт. Тоғыз жолдың торабында орналасқан туған жеріміз-Арыс қаласына 66 жыл. Біздің шаһар Түркістан облысындағы қала статусы бойынша жас қалалардың бірі. 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿

⚜️ Шілде айының соңынан бастап Арыс қаласын барша қалың қазақ елі жан-жақтан құттықтауда. Менде AMANAT партиясының Түркістан облысы, Арыс қаласынан сайланған облыстық мәслихат депутаты ретінде, Сіздерді бүгінгі қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 👏👏👏👏👏

⚜️ Талай қилы тағдырдың куәсі болған туған жеріміздің тарихы баршамызға аян. Дегенмен, шағын шаһар болса да бауырына қанша алып тұлғаларды басып, кіндік қаны тамған Арыс жайлында менде аз-кем тоқталсам деймін. ✅

⚜️ Арыс қаласы 1900 жылдары теміржол құрылысынан бастау алып, 1904 жылы станциясы салынған болатын. Ал 1928 жылдың 17 қаңтарында Арыс ауданы болып құрылды. 1932 жылғы 11 наурызда Арысымызға «Жұмысшылар кенті» мәртебесі берілген болатын. 1956 жылдың шілде айынан бастап теміржолдың арқасында Арыс станциясына қала мәртебесі ұсынылып, қала атанды. Себебі, Арыс станциясы Ресейдің еуропалық бөлігін, Сібір мен Орта Азияны Қазақстанмен байланыстыратын үш бағыттағы ірі станциясының бірі. 🚂🚄🚅🚆🚇

⚜️ Бүгінгі таңда, біздің туған жеріміз теміржол, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп және басқа да түрлі салалар бойынша көш бастап тұр. Арыс қаласының кәсіпкерлері мен жұмысшылары сүт, мақта, көкөністер, бақша дақылдары арқылы облыс, республика және шет елдерге экспортқа өнімдерін шығарып, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Олай айтуымыздың себебі, ағымдағы жылдың 17 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге менде Арыс қаласы тұрғындарымен арнайы кесте бойынша кездестік. Арыс қаласында жаңадан ашылған ипподромға ат басымын бұрып, қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша ақпараттарымен танысып, түрлі салаларға өкімет тарапынан жергілікті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз қаржылық гранттардың көрмесін тамашалаған болатынбыз. Бұл көрсеткіштер көптің көңіліне қуаныш ұялатты. Арыс -тоғыз жолдың торабында орналасқан страгетиялық маңызы бар қала. Сондықтан бұл қаланың болашағы жарқын болады деп сенемін! Алдағы уақытта да арыстықтар атқарылған игі істерімен ел ішінде елеулі боларына күмәнім жоқ. Қамбаң қазынаға толып, ажарың арта берсін, Арысым! ✅

Құрметті Гүлжан Мамытқызы!
Құрметті Амантай Алтынбекұлы!

⚜️ Арыс қаласының туған күні үлкен қуаныш. Себебі мені және әріптестерімді қала күніне орай АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ атағын беріп, осындай құрметпен қошемет көрсеткендеріңізге үлкен рахмет. 👏👏👏👏👏

⚜️ Жас қаламыздың келешегі үшін аянбай қызмет етіп, болашағы зор болатына сенімдімін. ✅

⚜️ Сіздердің жасап жатқан еңбектеріңіз бен істеріңізге сәттілік тілеймін. 👍🏻

Құрметпен,
Түркістан облысы мәслихатының депутаты
РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА

Previous Post

Созақтың қарбыздары Ресейге экспортқа жіберілді

Next Post

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде