masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Құдай үш рет ескертті»: Саят Медеуов жол апатынан кейін сұхбат берді

28 июня, 2022
in Қоғам
0
«Құдай үш рет ескертті»: Саят Медеуов жол апатынан кейін сұхбат берді
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Саят Медеуов ақпан айының аяғында ауыр жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түскен еді.

Саят Медеуов жол апатынан кейін алғаш рет KYN Youtube арнасына сұхбат беріп, қазіргі жағдайы туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz

Бүгінде әншінің денсаулығы қалыпты.

«…Уақыт керек. Құдайға мың шүкір, көптің тілеуі қабыл болды. Менің басыма іс түскенде амандығымды тілеген көпшілікке рақмет. Жалпы, мен бұл жағдайды Құдайдан көре алмаймын. Жол апатын Құдайдың салғаны, басқа түскесін көнетін жайт деп те айтпаймын. Бұған өзіміз кінәліміз. Өйткені  Құдай бізге бір емес, үш рет ескертті.

Жиен ағаммен бірге жолға шыққан едім. Екі рет одан рөлді сұрадым. Бермеді. Кейін үшінші рет жол бойына тоқтап, ұйықтап алуды ескерттім. Ол тоқтайтынын айтқан, сол аралықта көзім ілініп кетіпті. Кейін есімді жиғанда апатқа ұшыраған екенбіз. Демек, ол жол жиегіне тоқтап, демалмаған. Соның салдарынан көзі ілініп, осындай жол апатына душар болдық. Бұл – Құдайдың салғаны емес, бұл біздің ақымақтығымыз. Құдай қайта-қайта ескертті. Есімді жиған бойда: «Неге тоқтамадың? Біреуге кесіріміз тиді ғой» дедім жиеніме. Бар ойым осы болды. Қуанышқа қарай, қарсы беттегі көліктің ішінде бір ғана жігіт болған екен, дін аман. Соған шексіз шүкірлік етемін. Жол апатынан екі аяғым, қолым, үш қабырғам сынды. Көзіме әйнектер толып қалыпты, қос жанарым ашылмай қалған. Дәрігерлер тазалап берді, қазір көзім жақсы көреді. Қасым түсіп қалып еді, өсті», – деді әнші.

Саят Медеуов ақпан айының аяғында ауыр жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түскен еді.

Previous Post

№65 мектеп гимназиясында 600 орындық жаңа ғимарат салынуда

Next Post

Стадионға кіре алмай, «Ақтөбе» - «Астана» матчын тесіктен сығалап тамашалаған жігітке іздеу жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде