masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

27 мая, 2022
in Қоғам
0
Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс әкімдігімен бірлесе отырып, «Есірткісіз болашақ» тақырыбында ауқымы кең акция ұйымдастырды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен жеке құрам, Түркістан облысының білім, ішкі саясат, ақпараттандыру өкілдері және жастар қатысты.
Облыс орталығында өткен іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту. Өскелең ұрпақты спортпен және туризммен белсенді айналысуға шақыру, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Аталған маңызы зор жиынды облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов ашып, жастарға мықты денсаулық пен сәттілік тіледі. Сондай-ақ полиция полковнигі Қ.Сахов өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселелеріне көп көңіл бөледі. Соның ішінде біздің тарапымыздан есірткіге қарсы іс-шараларды үнемі өткізіп отырамыз. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ — сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!» деді.
Одан әрі акцияға қатысушылар таңертеңгілік жаттығулар өткізіп, «Есірткісіз болашақ» атты флешмоб ұйымдастырды. Спортшы-велосипедшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орталық стадионға салтанатты түрде алып шықты. Мұнда іс-шара би ұжымдарының, каратэшілердің, боксшылардың, балуандардың және басқа да балалар спорт және көркемөнер ұжымдарының салауатты өмір салтына арналған қойылымдарымен жалғасты. Концерттік бағдарламада облыс орталығының эстрада әншілері де өнер көрсетті.
Өз кезегінде жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдыларын көрсетті, ал кинологиялық қызметтің кинологтары қызметтік-іздестіру иттерінің қабілетін паш етті. Сондай-ақ полицейлер жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы айтты.
Акция соңында Түркістан облысының полицейлері жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырып, естелік суретке түсті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Түлкібаста 64 отбасы қоныс тойын тойлады

Next Post

Туды қорлаған Shiza мен ИК тобын желідегілер жауапқа тартуды сұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде