masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жасы 100-ге келген тыл ардагері аудан әкімінің ықыласына ие болды

27 мая, 2022
in Қоғам
0
Жасы 100-ге келген тыл ардагері аудан әкімінің ықыласына ие болды
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Бүгін Мақтаарал ауданында тыл ардагері, батыр ана Лескүл Мәмбетованың жасы 100-ге толды.
Ғасыр жасаған кейуананы арнайы құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мырза Мұса, аудандық мәслихаттың депутаты Тимур Адамбеков бастаған топ Еңбекші ауылдық округіне қарасты Шұғыла ауылына арнайы барды.
5 ұл және 5 қызынан 100-ден астам немере, шөбере және шөпшек сүйген қарт әжеге аудан әкімі Бақыт Асановтың, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаевтың және «Amanat» партиясының Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Досым Асабаевтың арнайы алғыс хаттары мен сый-сияпаттары табысталды.
Күтімі жақсы, қимылы ширақ кейуана аяқ асты келген қонақтарға өз ризашылғын білдіріп, іштегі шексіз қуанышын жасырмады. Өзінің ұзақ жылдар бойы өміріндегі жақсы да жаман естеліктерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Сондай-ақ, ауданымыздың дамуына, халқымыздың ынтымақ-бірлігінің артуына тілектестік білдіріп, келген қонақтарға ақ батасын берді.
Айта кетейік, Лескүл Мәмбетова 1922 жылы 26 мамырда дүниеге келген. Қазіргі таңда батыр ана Мақтаарал ауданында жасы 100-ге жеткен екінші тұрғын саналады.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Түркістанда “GLOVO” жеткізу қызметі іске қосылды

Next Post

Түркістан облысында табиғатты қорғаушылар мен орманшылар саны артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде