masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ҚР Парламенті сенатының депутаттары ХДУ-ға барды

26 мая, 2022
in Cаясат, MASA24.KZ, Білім
0
ҚР Парламенті сенатының депутаттары ХДУ-ға барды
0
SHARES
27
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің ұжымымен ҚР Парламент Сенатының депутаттары Бектаев Әли Әбдікәрімұлы мен Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы ҚР Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусым күні елімізде жалпы республикалық референдум өтуіне байланысты кездесті. Сенат депутаттарының кездесуіне университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы және студент жастар, БАҚ (телеканалдар мен газеттер) өкілдер қатысты. Мен Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің ректоры, м.ғ.д, профессор, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты және жиынның модераторы ретінде келген ел ағаларын таныстыруды жөн көрдім.

 

Алғашқы кезекте сөз алған Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы алдағы референдумға байланысты өз баяндамасын бастамас бұрын өткен аптада жоғары деңгейде ұйымдастырылған «БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: IV ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ» тақырыбындағы Академик Ә. Қуатбековтің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жоғары деңгейде өткендігімен құттықтап, қатысушыларға өз баяндамасымен таныстырды.

 

Ә.Құртаев өз баяндамасында ҚР Тәуелсіздігінің жетістіктеріне тоқтала келе, ағымдағы жылда болған қаңтар оқиғасының нәтижесінде лаңкестермен қарақшыладың кесірінен қаншама азаматтар зардап шеккені туралы және 16 наурыздағы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауына тоқтала келе, Мемлекет басшысының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы өтетін референдумға бір кісідей ат салысуымыз керектігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар, 26 сәуір күні Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIII съезіне қатысқандығы туралы және партия төрағасы лауазымнан босап, партия қатарынан шыққандығына тоқтала келе мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күштерге тең мүмкіндік туғызып, Саяси жүйеде әділдіктің орнауына жол ашатындығы және партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артатындығын атап кетті.

Келесі кезекте сөз алған Бектаев Әли Әбдікәрімұлы оқу ордамыздың негізін қалаушы, Академик Ә. Қуатбеков туралы жылы лебізін білдіріп, Конституциялық реформаға байланысты кездесуге келген қатысушыларға референдумның маңыздылығын түсіндіре келе, болашақта халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін, Конституцияның 33-бабына өзгерістер енгізілуі заман талабы екендігін айтып кетті.

Ал студенттер мен оқытушы құрам сенаторларға сауал жолдап, тұщымды жауап алды. 5-маусымда болатын референдум ел өміріне едеуір өзгеріс әкелкетініне сенім мол.

Рабиға Қуатбекова, 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, 

Академик Ә. Қуатбеков атындағы ХДУ ректоры

Previous Post

Түлкібастық түлектер өмірден өткен сыныптастың отбасына үй сыйлады

Next Post

Қала әкімі жаңа кәсіпорындарды аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде