masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Whatsapp» мессенджерінде әдепсіз сөздер айтқан ер адам ұсталды

20 мая, 2022
in Қоғам, Қылмыс
0
«Whatsapp» мессенджерінде әдепсіз сөздер айтқан  ер адам ұсталды
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде «Whatsapp» мессенджері арқылы әдепсіз сөздер айтқан ер адамдар арасындағы ауызша жанжалдың бейнежазбасы таралуда. Бұл бейнежазба бірден назарға алынып, оқиға орнына полиция шықты.
Тәртіп сақшылары анықтағандай, оқиға күндізгі уақытта Төлеби ауданы аумағындағы жайылымда болған. Онда жергілікті тұрғындар жайылымдық жер мәселесін талқылаған.

Аталған жайтты Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алып, Төлеби ауданына іссапармен барды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметкерлерге тапсырмалар берді. Сондай-ақ облыс пен аудан әкімі, прокуратура, полиция, ардагер ақсақалдар, этно-мәдени орталықтардың өкілдері мен басқа да құзыретті органдар халықпен кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Әдепсіз сөйлеген ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, халық алдында кешірім сұрап, өкінішін білдірді.
Орын алған жайт ҚР ҚК-нің 174-бабы 2-бөлігі «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ауданда жағдай тұрақты.

Полицейлер қандай да бір құқық бұзушылықтар мен арандатушылыққа жол бермеу мақсатында тәулік бойы қызметте. Ал басқа да құзырлы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен еріктілер тобы сақшыларға көмектесуде.

Құрметті тұрғындар, желі қолданушылары мен БАҚ өкілдері тек қана ресми дәлелденген дерекке сүйенулеріңізді сұранамыз.
Сондай-ақ жалған ақпарат таратушыларға заң аясында әкімшілік емес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын, яғни ҚР Қылмыстық Кодекстің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша шара көрілетінін ескертеміз.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент қаласында Ұлттық ұлан қаржыгерлерінің оқу-әдістемелік жиыны басталды

Next Post

Шымкентте ауызсу бұрқақтары қайта іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде