masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістандық дәрігерлер сәбиді аман алып қалды

20 мая, 2022
in Uncategorized, Денсаулық
0
Түркістандық дәрігерлер сәбиді аман алып қалды
0
SHARES
25
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістан облысындағы неонатологтар мен балалар хирургтары жаңа туған нәрестені құтқарды. Кішкентай Рамазанға екі күн бойы құтқару операциясы жасалды.
Сәбидің анасы, Қазығұрт ауданының 23 жастағы тұрғыны Сәуле Күмісбектің алғашқы жүктілігі асқынумен өтті. Сондықтан әйелдің босануы қиын болды. Бала гипоксиямен дүниеге келді. Екінші күні кенеттен оның асқазанынан қан кете бастады. Гемоглобины өте қатты төмендеді. №1 облыстық перинаталдық орталығы және облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерлері бірден перзентханада ота жасауға шешім қабылдады. Баланы тасымалдау өте қауіпті болды. Облыстық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, штаттан тыс балалр хирургы С.Сарыбай және анестезиолог-реаниматолог Е.Рахимов перинаталдық орталыққа шұғыл келіп, ота жасау бөлмесінде науқас сәбиге шұғыл көмек қолын созды.
— Асқазанның идиопатиялық жарылуы — жаңа туылған нәрестелердегі сирек кездесетін хирургиялық ауру. Кенеттен пайда болады. Әріптестерім – неонатологтардың арқасында баланың жағдайы тұрақталып, олар сәбиді операцияға дайындай білді. Тәуекел үлкен болды, — деп түсіндірді хирург Сұлтанғали Сарыбаев.
Науқасқа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ота жасалды. Қазіргі таңда Рамазан салмақ жинап, анасы екеуі ауруханадан шықты. Анасының дәрігерлерге деген алғысы шексіз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

«Тұран» футбол академиясының Сербиялық мамандары Түркістанда шеберлік сабақтарын өткізді

Next Post

Түркістан: Келес ауданына инвестор келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде