masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Лифтіде әйелін соққыға жыққан астаналық ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

19 мая, 2022
in Қоғам
0
Лифтіде әйелін соққыға жыққан астаналық ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Елордада лифт ішінде әйелін соққыға жыққан ер адамның әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Жәбірленуші күйеуі оны тіпті өз туыстарынан да қызғанғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауыр соққы мен тепкіден әйелдің төрт жерден сүйегі сынып, миы шайқалған.  Отасқан төрт жылда көрген қорлығым тек бұл емес дейді ол. Енесі осындай отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресіп, әйел мен бала құқығын қорғап жүрген белсенді екен.

Аружан жолдасы Елнұр Байметовпен 2018 жылы отау құрған. Орталарында екі бала бар. Келіншектің айтуынша, көрмегені жоқ. Ұрған,соққан, буындырған. 20 градус суықта балконға қамап қойған.
Көп жағдайға жанжалға шектен тыс қызғаныш себеп болады екен. Тіпті соңғы кезде өз туысқандарынан да қызғануды шығарды дейді Аружан. Желіде тараған видеоға да сондай жағдай себеп болыпты.

“Біз екеуміз менің туыстарымның шақыртуымен караокеге бардық. Бір сәтте мен қолыма микрофан алып ән шырқай бастадым. Екінші микрофонды күйеу балам, яғни сіңлімнің жолдасы алып қосылды. Күйеуім дереу ұялы телефоныма қорқытып хабарлама жіберді. Кеш тарқап үйге келгенде жедел саты есігі жабылмай жабып мені ұра бастады. Мен жерге құлап қалдым”, – дейді жәбірленуші Аружан Байметова.

Бірақ жолдасының сол күнгі төмпеші мұнымен бітпепті. Айтуынша, күйеуі өздерін үйге жеткізіп тастаған інісімен бірге болдың деп, әйелін тағы соққының астына алған. Бірақ полиция бұл деректі ескермей отыр дейді Аружан. Жалпы сол күнгі соққыдан келіншектің төрт бірдей сүйегі сынып, миы шайқалған. Ал енесі болса, бұл бәріміздің басымыздан өткен жағдай деп жұбатады екен.
“Оның ата-анасы жанжал үстінен түскенде оны сабырға шақыруға тырысатын. Оның анасы менімен өте көп сөйлесетін. Барлығы жақсы болады деп сендірді. «Барлық ерлер осылай ұрады, мені де ұрды, менің әжемді де ұрды» дейтін. Мен осы сөздердің маған әсер ете бастағанын да байқамай қалыппын”, – дейді жәбірленуші.

Previous Post

Доллар қайта арзандады

Next Post

Әділетті қоғамда халық билікке сенеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде