masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Технология

Келес ауданына инвестор келді

19 мая, 2022
in Технология, Экономика
0
Келес ауданына инвестор келді
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

Түркістан облысы, Келес ауданына Халықаралық өнеркәсіптік орталығының корпорациясын салу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласынан «QazExpoCongress» ҰК» АҚ өкілдері келді. Аталған нысан Ұшқын ауылдық округінің аумағында орналасады деп жоспарланған.
Инвесторларды Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бастап жүрді. Аудан басшысы Келес ауданының мүмкіндіктерін баяндап, кәсіпкерлік нысан үшін қажетті іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал ететінін айтты. Сонымен қатар аудандық жер қатынастары бөлімі мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларына кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқарып, қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Инвесторларға қолайлы жағдай жасауды ұйымдастыруды үйлестіруге «TURKISTAN INVEST» мекемесі көмектеспек.
Инвесторлардың сөзінше, олар осыған дейін көршілес Өзбекстан Республикасы аумағында болып, олардың мүмкіндіктерімен де танысқан. Жобаны жүзеге асыруда Келес ауданының аумағы тиімді екені анықталған. Осы аймаққа темір жол торабы салынып, сауда-саттықтың дамуына үлкен серпін береді деген сенім бар. Өз кезегінде аталған сауда комплексі салынған жағдайда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына әсер етпек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Арыстағы «Тең қоғам» орталығы 6 мың азаматқа тегін қызмет көрсетті

Next Post

Зымыран ұшса, ауа райы бұзылатыны рас па? Ғалым түсіндірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде