masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістанда «Жас сарбаз» слеті өтті

16 мая, 2022
in Білім, Спорт
0
Түркістанда «Жас сарбаз» слеті өтті
0
SHARES
25
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Ахмет Ясауи колледжінің базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының слеті ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сана-сезімін арттыру, әскери борышты өтер алдындағы шеберліктерін шыңдау және әскери-патриоттық клубтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілген бұл іс-шараға 30-ға жуық колледж командалары қатысты.

Слет барысында әскери дайындық түрлері мен квест ойындарының байқауы өтті. Бұл байқауға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев төрағалық еткен әділқазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасында Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамынан, Адами әлеуетті дамыту басқармасынан, облыстық «Жас сарбаз» қозғалысынан, ЖОО-нан өкілдер болды.

Қызықты әрі тартысты өткен сайыстың нәтижесінде командалық есепте бірінші орынды Түркістандағы Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің өрендері жеңіп алды. Екінші орынға Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі командасы ие болса, үшінші орынды №7 колледж сайыпқырандары еншіледі. Сонымен бірге слетте АК-74 қаруын толық емес бөлшектеп-жинақтау, пневматикалық қарудан атыс жүргізу және әскери әуенмен сапта жүруден де сайыстар ұйымдастырылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістанның жас спортшылары 3 медаль жеңіп алды

Next Post

Мәжіліс депутаттары Түркістан өңірінде референдум бойынша насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде