masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мектеп қабырғасында қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2022 жылғы Қамқоршылық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

14 мая, 2022
in Uncategorized
0
Мектеп қабырғасында қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
0
SHARES
78
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Қамқоршылық Кеңес — білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасау мақсатында жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестік.
Мектептің Қамқоршылық Кеңесінің құрамында:
Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы — “Amanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы;
Абишева Роза Жанысбекқызы — М. Әуезов атындағы ОҚУ оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;
Тлеукеев Ахатай Рамазанұлы — «Хоум Кредит Банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры;
Елібаев Мақсат Жаңабайұлы — Ontustik Patent директоры, ҚР Патенттік сенім білдірілген өкілі;
Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы — «Саутс Ойл» ЖШС президенті;
Есжанов Аманбай Абдукаримұлы — «Беласарфарм» ЖШС директоры;
Күзембаев Ерлан Бахытжанұлы — Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы сонымен қатар, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Қайырбек Сәбитұлы Буксукбаев бар.
Ең алдымен келген қонақтарға 10 «С» сыныбының оқушылары Әбсадықов Серік пен Бегенова Сымбат кампус тур жүргізіп, мектеп ғимаратын таныстырып өтті.
Отырыс барысында мектеп директоры Қайырбек Сәбитұлы Буксукбаев өзінің кіріспе сөзінде Зияткерлік мектептің 2021-2022 оқу жылындағы оқу жетістіктері, түлектердің жоғары оқу орындарына түсуі, мектеп қоғамдастығының ғылыми-олимпиадалық жетістіктерімен таныстырды. Қамқоршылық кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорымен жасалған жұмыс нәтижелері мен 2022 жылға арналған Қамқоршылық Кеңес жоспары да талқыланды.
Қамқоршылық Кеңес мүшелері күн тәртібіне сәйкес белгіленген келесідей мәселелерге жіті назар аударды:
мектептің қала, облыс, республикалық деңгейлерде имиджын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу, педагогикалық мамандықтардағы студенттердің рекрутингтік процессіне өзара қолдау көрсету және жергілікті өндіріс орындарында жоғары сынып оқушыларын қысқа мерзімді іс-тәжірибеден өткізу, әлеуметтік аз қамтылған үздік оқушылардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру.
Онымен қоса, білім ордамызды одан әрі дамыту, оқытудың әртүрлі формалары мен білім беру технологияларын біріктірудің жаңа тәсілдері туралы айтылып, мектеп ұжымына және республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздарына мотивация берілуі жолдары қарастырылды. Ал, Қамқоршылық Кеңес мүшелері тарапынан мектеп игілігі үшін, пайдалы әрі оқушылардың жан-жақты дамуына септігін тигізетін бірнеше идеялар талқыланып, Қамқоршылық Кеңес мүшелері өз тараптарынан материалдық көмектерін аямайтындықтарын жеткізді.
Кездесу соңында мектеп директоры мектебіміздің Қамқоршылық Кеңесі мүшелеріне қазірдің өзінде жүзеге асырылған бірқатар жобалар үшін алғысын білдіріп, Назарбаев мектебінің даму бағдарламасы бұл барлығымыздың болашағымыз екенін атап өтті, сондай-ақ жаңа міндеттер мен жоспарларды бірге іске асыру бойынша белсенді жұмысқа дайын екендігін білдіріп, отырыс қатысушыларына серіктестіктері үшін алғысын айтты.
Previous Post

500-ге жуық этникалық қазақ Түрікменстаннан оралады

Next Post

Кентауда көше тазалаудан жарыс ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде