masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Облыстың жастары Мақтааралда бас қосты

14 мая, 2022
in Спорт, Туризм
0
Облыстың жастары Мақтааралда бас қосты
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мемлекеттік жастар саясатын жандандыру мақсатында және жастар ресурстық орталықтарының жұмысын дамыту бойынша Мақтаарал ауданында облыстық «Жастарды үйлестіру кеңесінің» қадамдық өту іс-шаралары өтті.

Ең алдымен Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында облысымыздың қала, аудандарынан келген 18 команданың арасында спорттың волейбол, арқан тарту, гір тасын көтеру, эстафета және қол күрес түрлерінен спартакиада өтті.

«Салауатты ұрпақ — Жаңа Қазақстанның тірегі» атты спорттық жарысты ресми түрде ашып берген аудан әкім Бақыт Асанов қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарды қолдау бағытында ешқашан аянып қалмайтынын жеткізді. Дені сау, санасы сергек, білім мен ғылымды, оның ішінде жаңа технологияларды меңгергенде ғана жастарымыз бәсекеге қабілетте бола алатынын атап өтті. Сондай-ақ, келген қонақтарға белсенділігі үшін алғыс айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мұнан соң аудан басшысы мемлекеттен кәсіпкерлік мақсатта грант алып, өз кәсібін ашқан жастардың көрмесін көрді. Көрмеде қазақтың ескі дәстүрінен қалған киізден киім тігу, ат әбзелдерін әзірлеу, темірден және ағаштан түрлі жиһаздарды дайындау бойынша кәсібін ашқан және өте сұранысқа ие жас кәсіпкерлердің өнімдерін аудан әкімі қызығушылықпен тамашалады.

«Аудандымызда 29 жасқа дейінгі жастарды жұмыспен қамту шараларына, кәсіпкерлік саласына тартуға барынша жағдай жасалып келеді. «Серпін», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламаларының сапалы орындалуын да ұдайы қадағалап келемін. Кенттер мен ауылдық округтер, оның ішінде елдімекендер бойынша әрбір жас азаматтың әлеуметтік картасын түзіп, оларды белсенді ортаға қосу үшін барлық жағдайды қарастырудамыз» — деді Бақыт Насырханұлы.

Жастардың қадамдық өту іс-шаралары Мырзакент кентіндегі «Мақтаарал» мәдениет үйінде өз жалғасын тапты. Мұнда облысымыздағы барлық қала, аудандардағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшылары жиналып, жастар саясатын жүргізу бағытында оңды өзгерістерге жету үшін өзара кеңес құрды. Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының «Отбасы және жастар ісі» бөлімінің басшысы Нүркен Аралбеков, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерасыл Төлебаевтар төрағалық етті.

Жастарды үйлестіру кеңесінің мәжілісінен соң қонақтар мақтааралдық жастардың кәсіптерімен танысу үшін кенттер мен округтерді аралады. Сапарлары барысында Еңбекші ауылдық округінің жас кәсіпкері Александр Бекхтердің малдың бірнеше түрін бордақылап, күніне 1 тоннаға жуық етті саудаға шығаратынына куә болды. Сондай-ақ, Атакент кентінің жас кәсіпкері Бағжан Абдулла ашқан мақта түту цехының жұмыс барысымен де танысты.

Н.Аралбеков, Е.Төлебаевтар бастаған аудан қонақтары Атакент кентінде орналасқан «Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы» музейіне барып, мақталы өлкенің құрылуы, сан қатпарлы тарихы, әлемді және одақты мойындатқан жетістіктері мен ерекшеліктері туралы көптеген мәліметтерге қанық болды. Сондай-ақ, жоқтан бар жасаған ата-бабаларымызға, оның ішінде Ұлы Отан соғысында аянбай ерлік танытқан батырларымыз бен бүкіл өмірі егістік даласында өткен еңбек ерлеріне бас иіп, тағзым етті.

Бір күнге жалғасқан облыстық «Жастарды үйлестіру кеңесінің» қадамдық іс-шаралары спартакианың нәтижесін қорытындылаумен аяқталды. Спорттың волейбол, арқан тарту, гір тасын көтеру, эстафета және қол күрес түрлерінен өткен жарыстың нәтижесі бойынша ІІІ орынды Сарыағаш ауданы, ІІ орынды Жетісай ауданы жеңіп алды. Жергілікті Мақтаарал ауданының жастары жүлделі І орынды алып, облыс көлемінде өткен спартакиаданың чемпионы атанды.

Барша орын алған командалар аудан әкімінің арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, спорттың 5 түрі бойынша үздік ойыншыларға да алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Жарысты қорытындылау үшін аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Отбасы және жастар ісі» бөлімінің басшысы Нүркен Аралбеков, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерасыл Төлебаевтар сөз сөйлеп, облыстық қадамдық іс-шараларын өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін аудан басшылығына, оның ішінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Сүндет Кенжебаевқа алғыс білдірді.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістандық жастар дебатта сөз жарыстырды

Next Post

Тұрғындар көтерген мәселелер шешімін тауып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде