masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістанда мейірбикелерге құрмет көрсетілді

14 мая, 2022
in Денсаулық
0
Түркістанда мейірбикелерге құрмет көрсетілді
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Халықаралық мейірбикелер күніне орай Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті. Жиында 70-ке жуық ақ желеңді абзал жан ҚР Денсаулық сақтау министрінің төс белгісімен, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, «Amanat» партиясының және облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың «Құрмет» грамотасымен және алғыс хатымен марапатталады.
– Бүгін облыс орталығы – қасиетті Түркістан қаласында арнайы іс-шара өткізіп жатырмыз. Екі жыл пандемия кезінде бізде ондай мүмкіншілік болған жоқ. Бүгін арнайы қонақтар мен медицина саласының ардагерлерін арнайы шақырдық. Қазіргі таңда облыс бойынша жиырма мыңға жуық мейірбике халық денсаулығын жақсарту мақсатында жұмыс атқаруда. Науқастардың жағдайын бақылап, ем-дом шараларын жүргізетін мамандардың еңбегі өлшеусіз. Әсіресе, пандемиямен күресте де алдыңғы қатарда тұрды. Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін! Төл меркелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтаймын, – деді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.
«Оңтүстік» медицина қызметкерлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Икрам Төлеев пен облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай мереке иелерін құттықтап, марапат тапсырды.
«Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев та мейірбикелерді мерекемен құттықтады. Салтанатты жиында ақ желеңді абзал жандарға ізгі тілектер айтылды. Сонымен қатар үздік қызметкерлерге облыс әкімі атынан шипажайға жолдама, бағалы сыйлықтар берілді. Арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.
Айта кетейік, облысымызда 20 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері бар. Оның ішінде ауылдық жерде жұмыс істейтіңдер саны 12 мыңнан асады. Қалалық деңгейде істейтіңдер саны – 6940. Пандемия кезінде 11460 мейірбике жұмысқа тартылған. 2021 жылы 1560 мейірбике білімін жетілдірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__
Previous Post

Мәжіліс депутаты референдум бойынша Түлкібас ауданында кездесу өткізді

Next Post

Кентауда «Түркістан барысы» анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде