masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан: «Ауыл-ел бесігі» жобасы 100-ден астам елді мекенді қамтиды

11 мая, 2022
in Экономика
0
Түркістан: «Ауыл-ел бесігі» жобасы 100-ден астам елді мекенді қамтиды
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістан облысы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл 249 жоба іске асырылып, 400 мыңнан астам халық тұратын 105 елді мекендегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың жағдайы жақсаратын болады. Бұл мақсатта қазынадан 16,7 млрд.теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Жобаның жүзеге асу барысы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында биыл өңірде 11 фельдшерлік-акушерлік бекет және 1 дәрігерлік амбулатория, 11 мектепке қосымша ғимарат салынып, 23 мектепті күрделі жөндеуден өтеді. 7 спорт нысаны бой көтеріп, бір спорт нысаны күрделі жөндеуден өтеді. 13 мәдениет нысаны салынып, біреуінде күрделі жөндеу жүргізіледі. 9 табиғи газбен қамтамасыз ету нысандары мен 8 электр қуатымен жабдықтау нысандары ның құрылысы жүргізіледі. 168 ішкі көшелер орташа жөндеуден өтеді. 200-ден астам жаңа нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның іске асырылуы тұрақты бақылауда.
Облыс әкімі жоспарланған барлық жобалардың уақытында іске асрылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жұмыс барысын күшейтіп, тұрақты мониторинг жүргізуді жүктеді.
«Ауыл – ел бесігі» жобасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту.
Жиында бюджетке түсімдер түсіру және бюджетті игеру барысы да талқыланды. Түркістан облысы жылдық бюджетті игеру бойынша республикада алдыңғы орында келеді. Өңір басшысы қаржыны тиімді игеріп, ел үшін маңызды жобалар мен құрылыс жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Шымкенттік өрт сөндірушілер 2 баланы өрттен құтқарды

Next Post

Кәсіпкерлерді несиелеу жұмыстары басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде