💥Төлеби аудандық мәслихат депутаттары Түркістан қаласына барған іс-сапары барысында мәдени-рухани орталықта орналасқан «Керуен сарай» туристік кешеніндегі демалыс аймағына барып, әлемдегі теңдесі жоқ ұшатын «Алтын самұрық» театрын тамашалады.
💥Дүние жүзінде 8D форматында 18 ұшатын театр болса, ТМД елдері бойынша мұндай театр жалғыз Түркістан қаласында ғана бар. 8 D форматтағы әсерлі саяхат арқылы еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісіне саяхаттады.
💥«Алтын самұрық» театры орналасқан демалыс аймағының ғимараты ерекше көзге түседі. Себебі, ғимарат пішіні жұмыртқа тәрізді болып келген. Ал, оның кірген бетінде алтын түстес қыран бүркіті бейнеленген. Айта кетерлігі, театрға келушілер ең алдымен 20 минут экскурсияға қатысады. Мекеме қызметкерлері еліміздің тарихын тас ғасырдан бастап, Жаңа Қазақстанға дейін жоғарғы сенсорлы жүйемен жабдықталған технологиялармен көрсетіп, оны үш тілде түсіндіреді. Кейіннен жаңа технологиялы 8 D арқылы еліміздің ең көрікті елді мекендерінің үстінен «ұшып өтесіз».
💥Адамды көкке самғататын ерекше театр Қожа Ахмет Ясауи бабамызға арналған. Бейнеролик Ахмет Ясауидің шәкіртінің оған қойған сұрағынан басталады. Кейіннен көне Отырар жері, қазіргі Түркістан, Нұр-Сұлтан қалаларына, космос әлеміне саяхаттап, Шарын шатқалы арқылы ұшып өтіп, теңіз әлемімен таныса аласыздар.
💥Туристтердің ең сүйікті орнына айналған театрды тамашалаушылар да көп. Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін ескерсек, осы саланы дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайы жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі.
💥«”AMANAT”партиясының сайлау алды бағдарламасында туризм саласын дамытуға арналған мақсаттарды айқындап, іс-шаралар жобасын бекіткен болатын. Ұлттық туризм секторы жоғары деңгейдегі жан-жақты дамыған инфрақұрылым арқылы аталмыш стратегияның орындалуына өз септігін тигізе алады. Сондай-ақ, мемлекет жүктеген тағы бір міндеттердің бірі – Орта Азия аймағындағы туристік орталыққа айналу міндеті тұр. Аталған жоба бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.
©️Төлеби аудандық мәслихат депутаты М.Ермаханбетова