masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қарт майдангерлерге құрмет көрсетілді

6 мая, 2022
in Қоғам
0
Қарт майдангерлерге құрмет көрсетілді
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 77 жыл толып отыр. Бүгінде Түркістан облысында 5301 соғыс ардагері мен оларға теңестірілгендер тұрады. Оның ішінде 22 соғыс ардагері мен соғыс мүгедегі бар. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер саны 154 болса, тыл еңбеккерлерінің саны – 5125. Жыл сайын Жеңіс күні мерекесіне орай жоғарыда аталған санаттағы ардагерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді.

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшылығы тарапыпан облыс орталығында тұратын ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігі мен қаланың белсенді жастары майдангерлердің шаңырақтарына арнайы барып мерекемен құттықтады.
Ұлы Отан соғысының ардагері Әбжаппар Дайрабайұлы 1927 жылы 1 қаңтарда Сыр бойындағы Тартоғайда дүниеге келген. 1943 жылы майданға алынып, Беларусь, Украинада, Польшаны азат етуге қатысқан. «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Елге оралғаннан соң ұстаздық еткен. Ардагер 3 қыз бен 2 ұлдан бірнеше немере тәрбиелеп отыр.

Әбжаппар Дайрабайұлын мерекемен құттықтап, хал-ахуалын білген жастар Ұлы Отан соғысының ардагері Немет Абдрасиловтың шаңырағында болды. Немет қария 1922 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келіп, соғыс жылдары 1-гвардиялық артиллериялық дивизия құрамында нысанашы, зеңбірек командирі болған. Украина, Белоруссия майдандары мен Сталинград, Курск шайқастарына қатысқан. І дәрежелі «Отан», ІІ және ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, екі «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған. Жүз жастан асқан ардагер 5 ұл мен 1 қыздан 20 немере, 18 шөбере сүйіп отыр.

Жас буын өкілдері ардагерлердің соғыста көрсеткен ерлігін бүгінгі ұрпақтың қамы үшін жасалғандығын айтып, сый-сияпат жасады. Батырларға деннің саулығын, ғұмырдың ұзақтығын тіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Арыс: Сұрапыл соғыстың қос ардагері – ортамызда

Next Post

«AMANAT» партиясы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде