masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Халық өзін кім тонап отырғанын білуі тиіс»: Мәжіліс депутаты Ұлттық банктің жұмысын сынға алды

27 апреля, 2022
in Cаясат, MASA24.KZ, Экономика, Қоғам
0
«Халық өзін кім тонап отырғанын білуі тиіс»: Мәжіліс депутаты Ұлттық банктің жұмысын сынға алды
0
SHARES
23
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Банктер Ұлттық банкке салымдар мен бағалы қағаздар бойынша пайыздарда 500 млрд теңгеден астам пайда тапты.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендетуіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, Ұлттық банк инфляцядан пайда көріп отыр.

«Өткен аптада Мәжілістің жалпы отырысында базалық мөлшерлеме мәселесі талқыланды. Үкіметпен бірге базалық мөлшерлеме төмендеуге тиіс деген қорытындыға келдік. Ол үшін объективті себептер бар. Бірінші кезекте, экономиканы қолжетімді кредиттеуге деген аса қажеттілік. Ұлттық банктің өзінен анық жауап алған жоқпыз. 25 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5%-дан 14%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк өз шешімін, біріншіден, «инфляцияға қарсы саясатты» жүргізуге деген бейілділікпен, екіншіден, «геосаяси тәуекелдермен» және үшіншіден «оң фискалдық импульспен» түсіндіреді. Инфляция туралы айтатын болсақ, онда жылдық инфляция — 12%. Бұл базалық мөлшерлемеге қарағанда төмен. Көптеген дамыған елдер бұрыннан теріс шынайы мөлшерлемеге көшкен. Мысалы, АҚШ-тағы инфляция – 8%, ал ФРЖ мөлшерлемесі – 0,5%. Ал бізде керісінше, базалық мөлшерлеме ресми инфляциядан бақандай 2%-ға жоғары. Яғни, Ұлттық банктің өзі инфляцияның одан әрі ұлғаюына итермелеп отыр. Өйткені, инфляцияның қорқынышты құрамдас бөліктерінің бірі – инфляцияны күту», — дейді Аманжан Жамалов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, санкциялық қысымға қарамастан, Ресей банкі негізгі мөлшерлемені 17%-дан 15%-ға дейін, ал алдағы уақытта мүлдем 10%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар депутат банктердің халықты «тонап» отырғанын айтады.

«Мынадай қарапайым сұрақ туындайды. Бұл кімге тиімді? Ұлттық Банк кімнің мүддесін басшылыққа алады? Жауап та сұрақтың өзі сияқты қарапайым – банктерге тиімді. Базалық мөлшерлеме Ұлттық Банктің ноталары мен Қаржы министрлігінің облигациялары бойынша банктердің кірістерін тікелей айқындайды. Қазір Ұлттық банктің ноталарында 1,5 трлн теңге бар, сондай-ақ 11 трлн теңгені Қаржы министрлігінің облигацияларына орналастырған.

Осы облигациялар бойынша төлемдер де базалық мөлшерлемеге байланыстырылған. Демек, қазақстандықтар үшін – инфляция, ал банктер үшін – қолайлы жағдай. Азаматтар қандай банктердің жоғары мөлшерлемелерде пайда табатынын, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі ноталар мен мемлекеттік облигациялардың ұстаушыларын және алынған сыйақы сомаларын үнемі жариялап отырсын. Ел өзінің «тонаушыларын» білуге тиіс», − дейді депутат.

Previous Post

Бүгінгі Қасиетті Рамазан айының Қадір түнінің құрметіне, Ордабасы такси жүргізушілері Бадам ауылынын халқына тегін қызмет етуде

Next Post

Алматы әуежайына Қонаевтың есімі берілуі мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде