masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Құрманғазы оркестрі Түркістан жұртшылығын өнерімен тәнті етті

21 апреля, 2022
in Мәдениет
0
Құрманғазы оркестрі Түркістан жұртшылығын өнерімен тәнті етті
0
SHARES
29
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің «Тұран даласына күй шашу» атты гастрольдік концерттері жалғасып жатыр. Саялы Сайрам мен сырлы Созақтың көрермендерін серпілткен өнер ұжымы Түркістан қаласына атбасын бұрып, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде концертін өткізді.

Ұлы Жібек жолының күретамыры, Қазақ хандығының астанасы болған Түркістанға арнайы келген тарихи оркестр өнерсүйер қауымға қазақ халқының дәулескер күйшілерінің күйлері мен ұлы композиторларының әндерінен шашу шашты. Сонымен бірге әлем музыканттарының классикалық туындылары да тарту етілді.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Ысқақова, Мәдениет саласының үздігі – Айнұр Әбілдаева қатысып, жұртшылықтың ықыласына бөленді.

Оркестрдің бас дирижері – «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген мен дирижер, мәдениет қайраткері Жексен Айсын да оркестрді шабыттандырып, музыка әлеміне жетелей білді. Құрманғазы, Түркеш және өзге де ұлы күйшілердің күйлері орындалып, көрерменнің саналары серпіліп, рухы көтерілді.

Түркістандықтар Құрманғазы оркестріне ризашылықтарын білдіріп, құрмет көрсетті. Оркестрдің Түркістан облысындағы өнер сапары 22 сәуірде Ордабасы ауданында түйінделеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Екінші алтын: мейіржан шермаханбет азия чемпионы атанды

Next Post

«AMANAT»: Съезге Түркістан облысынан делегаттар сайланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде