masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді: Шымкент перзентханаларында орын тапшы

19 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Денсаулық
0
Әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді: Шымкент перзентханаларында орын тапшы
0
SHARES
27
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкентте бала туу көрсеткіші өскен. былтырдың өзінде көрсеткіш жылдағыдан 5 мыңға артқан. сол себепті шырайлы қала жаңа перинаталды орталыққа мұқтаж. шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби өмір есігін ашады. бұл көрсеткіш жылдағыдан әлдеқайда көп. мәселен, өткен жылдың өзінде мегаполисте 33 мыңнан астам бала дүниеге келген.

«Бала туу көрсеткіші өсті. Пандемия кезінен бері ай сайын босануға келетін аналар саны көбейіп отыр. Бір күнде біздің перзентханада 50-60-қа жуық бала өмірге келеді», – дейді перзентхана меңгерушісі Гүлмира Қоңырбаева.

Валентина Зарапина үшінші қызын дүниеге әкелді. Ол көп балалы ана болуды армандайды. Осылайша шымкенттіктер қатары күн өткен сайын толысып келеді.

«Үйде екі қызым күтіп отыр. Міне, үшінші қарлығашым дүниеге келді. Енді ұлым болса деп армандаймын», – дейді қала тұрғыны Валентина Зарапина.

Қазір Шымкентте 4 перзентхана жұмыс істеп тұр. Бірақ орынның жетіспеушілігіне байланысты жаңа босанған аналар үйлеріне ерте шығарылады.

«Қазір бізде акушерлік төсек-орын жетпейді. Болашақта жаңа перинаталдық орталық құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ қазір салынып жатқан көпбейінді ауруханаларды босандыру бөлімшелерімен қамтамасыз ету көзделіп отыр», – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева.

Келешекте 153 анаға шақталған қалалық перзентхананы ұлғайту көзделіп отыр. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл жеке перинаталды орталығы бар көпбейінді аурухана болмақ. Шымкенттік аналар шаһарда тағы бір перзентхана салынады деп үміттеніп отыр.

Previous Post

Түркістан облысында мал ұрлағандарды босату үшін 3 млн теңге талап еткен подполковник сотталды

Next Post

Созақта Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде