masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Александр Орлов қазақстандықтардан кешірім сұрады

10 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Қоғам
0
Александр Орлов қазақстандықтардан кешірім сұрады
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бірнеше күн бұрын ол telegram желісіндегі парақшасына «Орталық Азияда білікті маман табу шынымен қиын, олар тапшы… Сондықтан бұл аймақта жұмысын енді бастайын деп жатқандар болса мамандарды өзге елден әкеліңдер, әсіресе бастапқы кезде. Мен кәсіпті жаңадан бастағанда Қазақстанға адам әкелу оңай емес еді, қазір әлдейда жеңіл», деп жазған болатын.

Орловтың бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын келтірді. Оқырмандар оның мейманханасына байкот жариялауға шақырған жазба қалдырды.

Ресторатор Қазақстанда көп оқырмандары бар екенін білмеген.

«Мен Қазақстанды, оның салт-дәстүрін, мәдениетін жақсы көремін, мұнда көптеген достарым мен серіктестерім бар. Мен бүкіл балалық шағымды осы елде өткіздім, кейде өзімді  қазақпын деп ойлаймын. Қымыз, бешбармақ және қазыны жақсы көремін», деп жазды.

Сонымен қатар ол 2012 жылдан бері Қазақстанда бизнес жүргізіп келе жатқанын және 5 мейманхана мен 1 монша кешенін ашқанын айтты.

«2012 жылдан бастап Қазақстан азаматтарына 750-ден астам жұмыс орны берілді. Жыл соңына дейін тағы да 150 жұмыс орнын беруді жоспарлап отырмыз. Мен сөздің емес, істің адамымын. Қазақстан — көпұлтты ел, мен ешкімге зиян келтіргім келмеді. Егер біреуді ренжітсем, кешіріңіз», деп жазды ол парақшасына.

Previous Post

Майға күйіп қалған: Түркістан облысындағы екі жасар сәбиге көпшіліктің көмегі аса қажет

Next Post

Елімізде құрлық шекарасы бойынша шектеулер алынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде