masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Самұрық Қазына» Тоқаевтың сынынан кейін қандай өзгерістер енгізді?

8 апреля, 2022
in Cаясат, MASA24.KZ, Экономика
0
«Самұрық Қазына» Тоқаевтың сынынан кейін қандай өзгерістер енгізді?
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Президент тапсырмасынан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыратындығын мәлімдеді. Қордың сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес директорлар кеңесі қордың сатып алу рәсімінің жаңа жобасын бекітті. Бұл тұжырымдамада басқа құжаттарға сілтемесіз барлық сатып алу рәсімдерінің сипаттамасы қамтылыпты.

«Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздері қысқартылды, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ субъектілерін қолдаудың жаңа шаралары енгізілді. Кадр саясаты толығымен реформаланды. Бұл ретте, жаңа ұйымдық құрылым бекітілді, онда басқарушылық 10-нан 5-ке дейін және әкімшілік 248 адамнан 124-ке дейін яғни, персонал екі есеге қысқарған. Сәйкесінше, құрылымдық бөлімшелердің саны 33%-ға оңтайландырылды. Яғни, 27-ден 18-ге дейін. Қазірдің өзінде Қордың еншілес мекемелерінде сатып алулар бойынша осы салаға жауапты 55 басшы деңгейіндегі қызметкер босатылды», — делінген хабарламада.

Бұған қоса, енді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша басшылық лауазымға үміткерлердің әрқайсысы қауіпсіздік және сәйкестік қызметтерімен тексеріледі екен.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық Энерджи» және «Қазақстан темір жолы» компанияларының бұрынғы басшыларына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу Қордың қазіргі лауазымды тұлғаларына ешқандай қатысы жоқ деген мәлімет шықты.

Қолға алынған өзгерістердің қатарында Қоғамдық кеңестің жұмысы артады делінген.

Previous Post

«Түркістан — түркі әлемінің жүрегі» атты мәдениет күндері басталды

Next Post

«Сазды Сауран» композиторлар байқауы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде