masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Арыста жаңадан екі мектеп құрылысы басталады

8 апреля, 2022
in Uncategorized
0
Арыста жаңадан екі мектеп құрылысы басталады
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қала тұрғындарымен қалалық Мәдениет үйінде есептік кездесу өткізді. Бұған дейін, 6 ауылдық округте болып, ондағы өзекті мәселелерді талқылаған әкім. Арыс тұрғындарына қорытынды есеп берді. Кездесуде халықтың көкейінде жүрген бірнеше өзекті мәселелердің шешімін айтты.
Қала әкімі биыл Арыс қаласында екі жаңа мектептің құрылысы басталатынын айтты. Атап айтқанда, 600 орындық 2 жаңа мектеп бой көтереді.
«Білімді ұрпақ — ел болашағы. 21 ғасырда үш ауысымды мектеп мәселесі туындамау керек. Қала тұрғындарының жыл сайынғы өсуі ескеріліп, жаңа мектептер салуды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда айтқанымдай 2 жаңа мектеп құрылысынан бөлек, биыл М.Әуезов атындағы гимназиядан 200 орындық, И.Журба мектебі жанынан 300 орындық қосымша оқу ғимараты салынады. Осылайша, 1500-ден астам оқушыға жағдай жасалады», — деді Гүлжан Мамытқызы.
Бұдан бөлек, жиында электр желілерін жаңарту, ауыз су сапасын арттыру, қала көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу мәселелеріне жеке тоқталып өтті.
Жиында қала басшысы арыстық тұрғындардан жазбаша түрде түскен бірсыпыра сауалдарға жауап берді. Жиынға қатысқан тұрғындар тарапынан да бірқатар өзекті мәселелер айтылып, оларға нақты жауаптар берілді.
Жалпы, кездесуде айтылған нақты өзекті мәселелер мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды бүгін кезең-кезеңімен жариялайтын боламыз.
Айта кетейік, жиында сұрақтарын қойып үлгермеген тұрғындар шара соңында қала басшысымен жеке кездесіп, сұрақ-сауалдарына жауаптар алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Атқарушы хатшының қатысуымен актив отырысы өтті

Next Post

Өмірзақ Шөкеев: «Сауранның болашағы жарқын»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде