masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Алматы облысында ХҚКО қызметкерлері өмірде жоқ балаға құжат жасаған

7 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Денсаулық, Қоғам
0
Алматы облысында ХҚКО қызметкерлері өмірде жоқ балаға құжат жасаған
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жанар Мұратқызы өзінің тек үш баласы бар екенін әлі күнге дәлелдей алмай келеді. Алматы облысында жас ана ұлының шетінеп кеткенін 10 жылдан бері дәлелдей алмай жүр. Өлі туған шақалақты дәрігерлер тірі деп тіркеген. Ал әкімдік Жанар Мұратқызын көпбалалы ана ретінде әлеуметтік көмек алуға шақырудан жалыққан емес.

Жанардың қазір үш баласы бар. Оның тұңғышы 2012 жылы Өтеген батыр кентіндегі перзентханада туа сала шетінеп кеткен екен. Қайғыдан құса болған жас ана кейін перзентханадан шыққанда дәрігерлердің қолына ұстатқан анықтамасын оқуға да шамасы келмеген. Тек арада алты жыл өткенде әкімдік Жанарды көпбалалы ана ретінде әлеуметтік жәрдемақы құжаттарын әкелуге шақыртқан. Сол кезде ғана Жанар тұңғышың әлі «тірі жүргенін» бір-ақ білген.

«2012 жылы шілде айында Іле ауданының орталық перзентханасында босандым. Бала көгеріп кеткен соң, бірден басқа бөлмеге алып кетті. Орап тастаған шақалақты маған «өлі туды» деген соң жылаумен, қайғымен ес жия алмай қалдым. Шығарда қолыма құжат берген. Оны қарамадым да, жылап-сықтап кеттім. Дәрігерлер маған баланың өлі туылғаны немесе шетінеп кеткені туралы анықтама беруі керек еді. Алайда олар маған ұл баланың 4 келі салмақпен туғаны туралы құжат берген. Яғни, маған кейін балаға туу туралы куәлік алатындай анықтаманы берген. Перзентханадан шығару құжатына мені «үйде босанды», «баласы үйінде шетінеп кетті» деген өтірік мәліметтерді де жазыпты. Өзге құжаттармен бірге сандықта жатқан анықтаманы тек 2018 жылы ғана іздей бастадық», — дейді Жанар Мұңайтпасова.

Арада алты жыл өткенде Жанар төртінші баласын босанған. Тұңғышы шетінеп кеткенімен, қазір одан кейін туған екі ұл, бір қызын өсіріп жатыр. Бірақ Қарасай аудандық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау бөлімі «көпбалалы анасың» деп бірнеше рет шақырған. Ол төрт жылдан бері атаулы әлеуметтік жәрдемақыдан бас тартқанымен, өзінің тек үш баласы бар екенін әлі күнге дәлелдей алмай келеді.

Previous Post

«Жаңа Қазақстанды» қалыптастырудағы басымдықтар талқыланды

Next Post

Қазақстан Үкіметінің сыртқы қарызы 22 трлн теңгеге жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде