masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Каспий құбыр желісі консорциумы істен шықты: Ақшолақовтың болжамы орындалмаған күнде не күтіп тұр?

6 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Технология, Экономика
0
Каспий құбыр желісі консорциумы істен шықты: Ақшолақовтың болжамы орындалмаған күнде не күтіп тұр?
0
SHARES
117
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ресейдің Новороссийск маңы арқылы өтетін Каспий құбыр желісі консорциумының екі бөлігінің істен шығуын сарапшылар әрқилы бағалап жатыр. Бұл ретте Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың апат мұнай көлеміне де, бюджеттік түсімге де әсері етпейді деп мәлімдеді. Ал экономикалық бақылаушы Сергей Домнин мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдері үшін мұнайдан түсетін кеденді баж салығының маңызды екенін айтады. Өйткені, мұнай құбыры тұрып қалатын болса, сатылатын мұнайдың кеден салықтары бюджетке түспейді дейді.

Ақшолақовтың оптимистік көңіл күйі Қазақстан мұнай өнеркәсібінің мәселесін шеше ала ма? Жағдай қалыпқа келмей, министр болжамы орындалмаған күнде не күтіп тұр? Ұзақ және қысқа мерзімде қаржылық жағдайымызға қандай әсерін тигізуі мүмкін?

Ал Vitol және Trafigura сияқты ірі сауда үйлері тәулігіне 2 миллион баррельден асатын мұндай үзіліске әлемдік нарық әрең төтеп беретінін атады. Олардың айтуынша, бұл бағаның одан әрі өсуіне және экономикалық құлдырауға әкелмек.

Аталған мәселеге орай Энергетика министрі Болат Ақшолақов апат экспортталатын мұнай көлеміне де, бюджеттік түсімге де әсер етпейді деген пікірде. Министр баспасөзге берген пікірінде мұнай бағасының қымбаттауы кешеуілдеп қалған экспорттың орнын толтырады деген сенімде екенін жеткізген болатын.

«Бүгінгі таңда мұнай бағасы жоғары, тіпті өте жоғары деуге болады. Баррелі 120 доллардан асты. Осы жылдың бюджеті мұнайдың баррелі 60 доллардан сатылады деген болжаммен есептелген. Сондықтан бюджетке түсім тұрғысынан еш қауіп-қатер көріп тұрғаным жоқ», — дейді Болат Ақшолақов.

Previous Post

Алматыда БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтеді

Next Post

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде