masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Жайна Сламбекқызы «Хабар» телеарнасының директоры болды

5 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Билік, Жаңалықтар
0
Жайна Сламбекқызы «Хабар» телеарнасының директоры болды
0
SHARES
125
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Журналист Жайна Жақсылықова «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы “Хабар” арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды», — деп жазды.

Берік Уәли әріптесін жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі. «Хабардың» дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін!» деді ол.Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған.

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019 жылдың тамызынан Apta бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

Жайна Сламбекқызы — Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1999 жыл). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 жыл), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 жыл).

 

Previous Post

Су тасқыны салдарынан 800-ге жуық қазақстандық үйін тастап кеткен

Next Post

Тоқаевқа шабуыл жасамақ болған киллердің есімі белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде