masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Түркістанда бюджет есебінен 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

4 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Билік, Қоғам
0
Түркістанда бюджет есебінен 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр
0
SHARES
116
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Барлығы – 5313 пәтер, оның ішінде 4039 пәтер кредиттік жүйемен тапсырылса, 1274 пәтер кезектегі азаматтарға беріледі. Биыл 53 үйдің құрылысы аяқталып, тапсыру жоспарланған. Тұрғын үйлердің аулаішілік абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде. 1 мыңнан астам пәтер «Отбасы банк» және екінші деңгейлі банктер арқылы сатылымға қойылады.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде облыс бюджетінің атқарылуы туралы соңғы ақпараттар ортаға салынды. 1 сәуірге дейінгі қорытындысы бойынша бюджет жоспары артығымен орындалуда. Жиында Түркістан қаласын дамыту және 32 секторда көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.
– Биыл да көгалдандыруға баса назар аударылады. Әсіресе қарағай ағашын отырғызуды жалғастыру керек. Өте ұқыпты қараған жөн. Су жағыннан қиындық болмауы тиіс. Мен күніге аралап, қарап жүрмін. Сондықтан көгалдандыруға жауаптылар бар күштерін салу қажет, – деді облыс әкімі.
Қала бойынша жалпы көгалдандыру аумағы 500 мың шаршы метрді құрайды, ал жалпы көшелер саны – 132. Қазіргі кезде Түркістан қаласы әкімдігі, Ордабасы, Шардара, Төле би, Түлкібас, Қазығұрт аудандарына қарайтын аумақтарда 25 мыңнан астам көшет отырғызылды. Тұрақты түрде сенбіліктер өтіп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Шымкенттік танкистер штаттық снарядтан оқ атуды орындады

Next Post

Түркістанда бокстан Әбдісалан Нұрмаханов турнирінің жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде