masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент шаруалары жер салығын шаршы метр емес, гектарға есептеуді сұрайды

Қала аумағында қазіргі таңда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер көлемі 62,600 гектарға тең.

2 апреля, 2022
in Қоғам
0
Шымкент шаруалары жер салығын шаршы метр емес, гектарға есептеуді сұрайды
0
SHARES
121
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мәжіліс депутаттары Берік Оспанов пен Берік Бекжанов премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдің атына жолдаған сауалында Шымкент қаласындағы жер салығы мәселесін көтерді.

Шымкент республикалық маңызы бар қала статусын берер алдында қаланың бас жоспары өзгерген. Бас жоспар жасалған кезде Түркістан облысының Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының біршама ауыл шаруашылығы жерлері Шымкент қаласының аумағына өткен.

«Бірақ, бұл өзгерістер шаруа қожалықтарына салық бойынша үлкен ауыртпалық тудырды. Қазіргі таңда шаруалар егістік жердің салығын гектарына емес, шаршы метіріне төлеп отыр. Нәтижесінде егістік жерге миллиардтаған салық есептеліп отыр, мұның барлығы өз кезегінде өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының ақсап жатқанының бірден-бір себебіне айналуда», – деді мәжіліс депутаттары.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер көлемі 62,600 га құрайды және 5 мыңға жуық шаруа қожалығы тіркелген.

«Барлық шаруа қожалықтарында осы сипатта қиындықтар туындауда және алдағы уақытта бұл жағдай үлкен дауға айналу қаупі бар.Мәселені шешу бойынша қала аумағына өткен елді мекендердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге арналған жаңадан базалық салықтық мөлшерлемелер анықтау және салықтық мөлшерлемелерді бір шаршы метріне емес, гектарына есептеу қажет деп санаймыз», – делінген депутаттық сауалда.

Previous Post

Бүгін Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

Next Post

Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға рұқсат беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде