masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Аймағамбетов аутизммен ауыратын балаларға қандай көмек көрсетілетінін айтты

2 апреля, 2022
in Білім
0
Аймағамбетов аутизммен ауыратын балаларға қандай көмек көрсетілетінін айтты
0
SHARES
111
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аутизммен ауыратын балаларға инфрақұрылым құру бойынша жасалып жатқан шаралар туралы айтты.

«Жыл сайын 2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні атап өтіледі. 2003 жылы елімізде аутизм спектрі бұзылған (АСБ) 77 бала тіркелсе, бүгінде бұл көрсеткіш 9 мыңға жетті. Сондай-ақ, статистика қазір азаматтардың аутизм туралы көбірек ақпарат білетінін, диагностика мен тіркеу жүргізіліп жатқанын, одан бөлек, соған сәйкес көмек ұйымдастырылып, белгілі бір инфрақұрылым жасалып жатқаны туралы көрсететінін түсіну маңызды. Егер балалардағы бұзылыстардың басқа түрлері (нашар еститін, нашар көретін және т.б.) үшін инфрақұрылым, әдістемелер, стандарттар, бағдарламалар, мамандар мен арнайы ұйымдар бұрыннан болса, аутизммен ауыратын балалармен жұмыс істеуде жағдай басқаша екенін атап өткен жөн», — деп жазды білім және ғылым министрі Telegram-арнасында.

Ол ерекше балаларға жағдай жасау үшін үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс жасалып жатқынын айтты.

«Асыл Мирас», «Дара», «Болашақ» қорлары, AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық қауымдастығы және басқа да ұйымдарға атқарған ауқымды жұмыстары үшін алғыс айтамын. Олар инклюзив қолдау кабинеттерін, балаларға арналған ресурстық орталықтарды ашып, педагогтер біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, сондай-ақ университеттермен ынтымақтастық орнатып, заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасап келеді», — деді ол.

Previous Post

11 жастағы қазақстандық "Голос. Дети" шоуының финалына өтті

Next Post

Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд жаңарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде