masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Түркістан облысында 100-ден астам өзен-көлде балық өсіреді

1 апреля, 2022
in MASA24.KZ, Технология, Экономика
0
Түркістан облысында 100-ден астам өзен-көлде балық өсіреді
0
SHARES
37
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістан облысы жасанды көлдерде балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Облыс аумағында тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл орналасқан. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Солардың бірінде болған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданындағы балық өнімдерін өндіру шаруашылығының жұмысымен танысты. «Көмеш Балық» иелігіне 17 өзен кіреді. Балықтың сан алуан түрін өсірумен айналысатын мекеме жылына 500 тоннаға дейін балық өсіреді.
Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығының қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асады. Бұл кәсіппен 133 кәсіпорын айналысады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды су қоймаларында балық өсіру саласының жоғары әлеуетін айтуда. Айта кету керек, өңірдің тауар өндірушілері жылына 2 мың тоннадай балық өнімін Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға балық экспорттайды.
Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев
«Зәуре» шаруа қожалығының қызанақ және қияр өндіретін жылыжайының құрылыс жұмысымен танысты. Шаруалармен кездесіп, жауапты басшыларға өңірде ауыл шаруашылығы саласына қолдауды күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Қала әкімі «металлург» стадионының құрлыс барысын тексерді

Next Post

Ирригациялық жүйелер мәселесі талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде