АҚШ пен НАТО-ның Ресеймен геосаяси күресінде Украина «қысым көрсету тетігі» болып отыр.
Сондықтан батыс бейбіт украин халқына гуманитарлық көмек көрсетуден гөрі Киев режиміне қару-жарақ жеткізуді жөн көріп отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
29 мамырда РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу мынандай мәлімдеме жасады: «НАТО-ның жекелеген елдері көшбасшыларының Украинаға ұшақ пен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізу туралы мәлімдемелерін бақылап отырмыз. Бұл ойлары жүзеге асырылған кезде сәйкесінше жауап қатамыз».
Осы сөзі арқылы Шойгу украин территориясындағы әскери техниканы жедел және жоғары дәлдікпен жоюға кепілдік берген сыңайлы.
Алайда кейбір мемлекеттер Украина Қарулы күштеріне арналған әскери техниканың өз аумақтарында «демилитаризациялануынан» қауіптеніп отырса керек. Себебі Болгария, Венгрия мен Румыния бортына түріктердің Bayraktar TB2 жаңа партиясы тиелген украин көлік ұшағына әуе кеңістігін ұсынудан бас тартуын басқаша түсіндіру мүмкін емес.
29 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ресейлік тұрақты өкіл Василий Небензя Украинаға батыс қару-жарағы DHL машиналары арқылы тасымалданып жатқанын және көліктерге медициналық белгі тағу арқылы жасырын жеткізіліп жатқанын айтты. Небензя «инкассатор» машиналарымен тасымалданған қару-жарақ туралы жақ ашқан жоқ. Бірақ Украина жолдарында қирап жатқан мұндай көліктер осыған айғақ.
Жалпы Ресей Қарулы күштері ғарыш, әуе және радиотехникалық барлау қызметі «серіктестердің» іс-қимылын жіті бақылап отырғаны байқалады.
«Біраз бұрын Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ға әрбір жүзінші танк пен ұшақты Украина Қарулы күштеріне беруді ұсынды. Киев режимі тығырыққа тірелген сыңайлы. Бірақ бұл жағдайда батыс қару-жарағы көмектеспейді», — деп жазды Хроленко.
Оның айтуынша, РФ Қарулы күштері жүргізіп отырған арнайы операцияның Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау жөніндегі мақсаты өзгермейді. Киев режимінің капитуляциясы туралы акт қана осы арнайы операцияның жалғыз ықтимал соңы бола алады.
24 ақпаннан бері бір айдың ішінде Батыс елдері Украина Қарулы күштеріне артиллерия, танкке қарсы және зениттік кешендерді қоса алғанда шамамен 5 000 қару-жарақ жеткізді. РФ Қарулы Күштері бас штабының бас жедел басқармасының мәліметі бойынша, Киев режиміне 109 артиллерия қаруы, 3800 танкке қарсы қару («Жавелин», «Милан», «Конкурс» танкке қарсы басқарылатын зымыран, «Энлав», «Панзерфауст», «М-72» танкке қарсы зеңбірек), сондай-ақ 897 дана «Стингер», «Игла» жылжымалы зениттік зымыран кешені берілді. Украина шекарасынан 80 километр жерде орналасқан Польшаның Жешув әуежайы негізгі жүк тиеу орны болды.
Германия Украинаға 2650 дана «Матадор» реактивті танкке қарсы гранатомет жеткізді және мамырдың соңына дейін тағы 2450 гранатомет беруді көздеп отыр. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украинаға әлдеқайда жойқын қару – үлкен қашықтықтан оқ ататын қаруды, негізінен AS-90 өздігінен жүретін гаубицаларды жеткізетінін айтты.
Хроленконың айтуынша, қазір АҚШ, ТҮркия мен Польша Украинаны пилотсыз ұшатын техникамен жабдықтауда жомарттық танытып отыр. Америка Украина Қарулы күштерін қайта қаруландыруға миллиардтаға доллар жұмсап, тіпті әскери тікұшақты да аяп отырған жоқ. Америкалықтар мен оның одақтастары жедел түрде УҚК-ға кеңестік өндіріске жататын С-300В мен С-300П, «Оса-АКМ», «Стрела-3» жылжымалы зениттік зымыран кешенін бағыттады.
Military Watch басылымы Болгария, Венггрия, Словакия, Чехия, Солтүстік Македония мен Польша іс жүзінде Киев режиміне түрлі модификациядағы 860 дана Т-72 танкін беруге қауқарлы екенін жазды. Алайда 24 ақпада Ураина Қарулы күштерінде дәл осы көлемде танк артиллериясы қратылған болатын. Сондықтан, батыс жеткізілімдерінің саны да, сапасы да ресейлік әскерге тосқауыл емес, дейді әскери сарапшы.
Ресей әскері Украина Қарулы күштерінің нысандары мен батыс елдерінің қару-жарақ жеткізулерін қиратып, жылжымалы зениттік зымыран кешендері мен таннке қарсы басқарылатын зымырандар орналасқан орындарды қоса алғанда, арсеналдар мен базаларды жойқын қиратып жатыр. Пентагон ұсынған дерекке сәйкес, арнайы әскери операция басталған шақтан бері Ресей Федерациясы түрлі типтегі 1 370 зымыран қолданған.